Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы журналисттерді экология мәселелерін жариялауға үйретеді
ҚАРАҒАНДЫ, Қазақстан, 2012 ж. 21 қыркүйек. – Бүгін Орталық Қазақстан, Қарағанды қаласында Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен ұйымдастырылған экологиялық тақырыптарды жариялау мәселелері жөніндегі журналистерге арналған төртінші әрі қорытынды тренинг өтеді.
Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларынан келген жиырма бес журналист өз аймақтарының экологиялық өткір мәселелері туралы сөз қозғап, аймақтық және ұлттық деңгейде қоршаған ортаны қорғау мәселелерін жариялау техникасына үйренеді. Оқу курсы журналистік тексеру жүргізу және экологиялық мәселелерді жариялаудың соңғы техникалық қолдану бойынша интерактивті компоненттерден тұрады.
«Бұл қызметті қолдай отырып, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға және экологиялық мәселелерді жариялауды жақсартуға мүмкіндік беретін заң білімдерін беруге тырысады», - деді ЕҚЫҰ Экономика және экология бөлімінің меңгерушісі Александр Пейчев.
«Қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық білім беруге және қоғамның шешім қабылдау процессіне айрықша мән береді. Бұл тренинг бұқаралық ақпарат құралдарының қоршаған ортаның проблемалары туралы хабардарлығын арттыруға және Қазақстанды стратегиялық мақсаты – жасыл экономиканың қағидаларын енгізуге қол жеткізуде қолдау бойынша әлеуетін арттыруға ықпал етеді», - деді Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары Диана Мұқанова.
«Қызықты, өткір және өзекті экологиялық тақырыптардың жеткіліксіздігі БАҚ экологиялық қауіптерге салғырт қарауынан, біліктілігінің төмендігінен немесе тәжірибенің жетіспеушілігінен, сондай-ақ табиғатты қорғау қызметін жариялау әдістері мен заманауи тәжірибелерін тұрақты қолданбау салдарынан туындайды. Осы мәселелердің барлығы бүгінгі семинар тақырыбына арқауы болмақ», - деді осы жобаны іске асыратын үкіметтік емес ұйым MediaNet Халықаралық журналистика орталығының директоры Игорь Братцев.
Бұрын мұндай тренингтер Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларында өткізілген болатын.
Бұл курс Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен әріптестікте, MediaNet Халықаралық журналистика орталығымен, облыстық әкімшілікпен және Ұлттық Орхусс орталықтарының желісімен бірге ұйымдастырылды.