ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы Кеден одағы аясында шекаралық саудада халықаралық стандарттардың қолданылуын дамытады
Бес күндік семинарды ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы мен Дүниежүзілік кеден ұйымы Қазақстан Республикасының Кеден комитетімен қызметтестікте ұйымдастырды. Кеден одағы елдерінің кеден органдарының 70 жуық өкілдері, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің, Қаржы министрлігінің өкілдері, халықаралық сарапшылар, сондай-ақ жеке сектордың өкілдері осы шараға қатысты.
«Халықаралық стандарттарға сәйкес кеден операцияларын қарапайым ету сауданы жеңілдетуге мүмкіндік береді және елдің экономикалық өсуіне ықпал етеді», - деді ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының басшысы, Елші Наталья Зарудная. «Бүгінгі семинар Кеден одағы елдерінің ұлттық заңнамасына халықаралық стандарттарды енгізуге және әкімшілік бөгеттерді азайтуға ат салысуға бағытталған».
Семинар барысында Финляндия, Литва және Польша елдерінен келген сарапшылар кеден органдарына ұсынылатын ақпаратқа талаптарды үйлестіру және қарапайымдандыруға арналған ЕО жалпы әкімшілік құжаттарын өз елінде қолдану тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен қатар, қатысушылар тауар қозғалысы туралы алдын ала хабар беру үшін ЕО-та қолданылатын ақпараттық жүйені талқылайды, сондай-ақ «Тауар саудасындағы формалдылықты жеңілдету туралы» 1987 жылғы Конвенцияға, сондай-ақ Кеден одағының қосылу үшін қарастыратын Жалпы транзит процедурасы туралы конвенцияға қосылудың процедуралық аспектілерімен танысады.
ҚР Кедендік бақылау комитеті Төрағасының орынбасары, Игорь Тен былай деді: «Аталмыш семинар көкейтесті болып табылады, себебі ол кедендік құжаттарды біріктіруге, тауарларды декларациялау ережелерін келістіруге көмектеседі және бизнес-сектор қажеттіліктерін қанағаттандыратын алдын ала хабар берудің ақпараттық жүйесін дамытуға ықпал етеді».
Семинар қатысушыларына жақында жарық көрген «ЕҚЫҰ-ЕЭК БҰҰ Кедендік өткізу пункттерінде тасымалдау және саудалық перспективаларының озық тәжірибелері жөніндегі басшылығы» туралы ақпарат ұсынылды. Басылымда процедураларды қарапайымдандырудың 120 астам халықаралық үлгілері қамтылған, сонымен қатар бұл басшылық сауда, көлік, шекаралық және кедендік бақылау саласындағы озық тәжірибені әзірлеу және енгізу үшін үкімет қолындағы құралдардың кең аясымен таныстырады.