ЕҚЫҰ Қазақстандағы сауда саласындағы рәсімдерді жеңілдету диалогын қолдауда
Қоғамдық мүдделі тараптардың басын біріктіретін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Консультативтік кеңес отырысына 130 жуық қатысушы жиналды; олардың арасында парламент мүшелері, мемлекеттік органдар, жергілікті компаниялар мен іскерлік қауымдастық өкілдері бар. Қатысушылар таяуда енгізілген электрондық декларация мен кедендік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған және экспорт, импорт пен транзиттің тарифтік емес кедергілерін біршама азайтуға мүмкіндік беретін «Уәкілетті экономикалық оператор» (УЭО) атты Дүниежүзілік кедендік ұйым бағдарламасын талқылады.
«Электрондық кедендік декларациялар мен «УЭО» бағдарламасының енгізілуі уақыт үнемдеуге, сыртқы сауда операцияларының жалпы шығынын азайтуға және шағын және орта кәсіпорындарға өз бизнестерін жүргізуіне қолайлы жағдайлар жасауға септігін тигізетін болады, - деді өз сөзінде ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының Экономика және экология бөлімінің меңгерушісі Александр Пейчев. - ЕҚЫҰ жүргізілетін үрдістердің жандандырылуын толығымен құптап, Орталық Азиядағы далалы миссиялары арқылы, соның ішінде Астана қаласындағы Орталық арқылы осы үрдісті аймақтық деңгейде жалғастыруға шақырады».
ҚР Кедендік бақылау комитетінің Төрағасы Мәжіт Есенбаев: «Бұл отырыс республикалық «Кеден – бизнеспен арадағы ашық диалог» ақпараттық-түсініктеме беру акциясының шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Біз бизнес-қауымдастық пен азаматтық қоғам арасында тұрақты диалог негізінде іске асырылатын кедендік әкімшілік ету үрдістерін жандандыру шаралары тауарларды кедендік тазалау кезеңінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға мүмкіндік береді деп сенеміз».
Аталмыш шара шекара асу кезінде тиісті басқару жүргізілуді дамытуға, халықаралық саудаға жәрдемдесуге, сондай-ақ шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған ЕҚЫҰ Орталығы жүргізіп отырған қызметтің жалғасы болып табылады.