ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы судьялар үшін адам саудасына қарсы әрекет ету жөніндегі тренингтерді жалғастырады
АСТАНА, 12 сәуір 2012 ж. – Бүгін ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының қолдауымен Астанада адам саудасына қарсы әрекет ету саласындағы үздік тәжірибе бойынша судьяларға арналған оқу семинары басталды.
«Адам саудасымен күрестің жан-жақты тәсілі құқық бұзушыларды жазалауды және бұл құбылыстың алдын алу бойынша пәрменді шараларды жүзеге асыруды ғана емес, ең бастысы жәбір шеккендердің құқығын қалпына келтіру және олардың әділ сот төрелігіне қолжетімдігін қамтамасыз етуді де қамтиды», - деді ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының Басшысы, Елші Наталья Зарудна. «Осы тұрғыда білікті судьялар адам саудасын болдырмауда негізгі рөл атқарады».
Семинар барысында Жоғарғы сот судьялары мен үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары Қазақстан Республикасының аудандық сот өкілдері болып табылатын 30 судьямен және мемлекеттік қызметкерлермен тәжірибе бөліседі. Семинар аясында адам саудасы бойынша қылмыстық істерді қарастыру бойынша сот тәжірибелерінің озық үлгілері, сотта осындай істерді қарастыру проблемалары, қылмысты жіктеу мәселелері, сондай-ақ адам саудасымен күрес жөніндегі халықаралық құқықтық құралдарды құқық қорғау және сот тәжірибесіне енгізу мәселелері талқыланады.
Жоғарғы Соттың отставкадағы судьясы және семинардағы тренер Раиса Юрченко былай деді: «Адам саудасына қатысты қылмыстық істер бойынша сот тәжірибелерін жалпылау осындай қылмыстар бойынша істерді қарастыруды жақсартудың пәрменді құралы болып табылады. Бұл сонымен қатар судьялардың осындай істерді қарастыру кезінде жол беретін кең таралған қателіктерді анықтауға және болашақта болдырмауға ықпал етеді».
ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының Мемлекеттік басқару академиясымен, Жоғарғы сотпен және АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігімен қызметтестікте ұйымдастырылған екі күндік семинары Орталықтың 2012 жылға жоспарлаған семинарлар сериясының үшіншісі болып табылады. Аталмыш шара Орталықтың адам саудасы құрбандары қатысында қорғау шараларын күшейтуге және ұлттық заңнаманы адам саудасына қарсы әрекет ету бойынша жақсартуға бағытталған көп жылғы еңбегінің бір бөлігі болып табылады.