ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару дамуын талқылауды қолдайды
АСТАНА, 27 қазан 2011 ж. – Қазақстандағы өзін-өзі басқарудың дамуы бүгін Астанада өткізілген дөңгелек үстелдің талқылау негізі болды.
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен және «Қазақстанда парламентшілікті дамыту қоры» қоғамдық қоры» үкіметтік емес ұйымымен ұйымдастырылған іс-шараға 40 аса қатысушылар, соның ішінде жергілікті және орталық билік органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында Қазақстанның бірқатар аймақтарында жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметін зерттеудің нәтижелері ұсынылды. Зерттеу «Қазақстанда парламентшілікті дамыту қоры» ҚҚ жүргізілді.
«Жергілікті өзін-өзі басқару маңызды демократиялық механизмдердің бірі болып табылады, себебі халықтың жергілікті деңгейде шешімдерді қабылдау үрдісіне жақындастыруға көмектеседі», – деді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Александр Кельчевский. «Жергілікті өзін-өзі басқару қағидаларын нығайту Қазақстанда демократиялық үрдістердің алға жылжуына көмектеседі».
«Қазақстанда парламентшілікті дамыту қоры» ҚҚ Президенті Зәуреш Батталова: «Жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесі Қазақстанның демократиялық мемлекет ретінде ары қарай дамуы үшін маңызды мәнге ие», – деді. «Реформалардың мақсатқа сай жолдарын дамыту қажет, ол азаматтарды шешімдерді қабылдау үрдісінің бір бөлігі етіп жасайды және аймақтардың экономикалық дамуына көмектеседі».
Қатысушылар жергілікті билік органдары мен ҮЕҰ алдында тұрған проблемаларды, басқа ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттерінде проблемаларды шешу тәжірибесін талқылады, сонымен қатар заңнамалық және институционалдық реформалар үшін бірқатар ұсыныстарды дайындады.
Іс-шара ЕҚЫҰ Орталығының Қазақстанда демократиялық дамуды алға жылжытуға және демократиялық институттарды шоғырландыруға бағытталған қызметінің бір бөлігі болып табылады.