Қазақстанда ЕҚЫҰ қолдауымен түрме реформасының төртінші жыл сайынғы Форумы өтті
![](https://www.osce.org/files/imagecache/10_large_gallery/f/images/hires/9/7/302231.jpg?1517413121)
2017 жылдың 23 ақпанында Астана қаласында реформаның нәтижелерін бағалауға және үкіметтің азаптауды алдын алу бойынша жаңа жобасымен таныстыруға арналған Түрме реформасының төртінші Форумы өтті.
Шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен Бас Прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Жоғарғы сот, Парламент Мәжілісі (төменгі палата), Омбудсмен кеңсесі, Қылмыстық әділ сотты жетілдіру бойынша Еуропалық Одақ Жобасымен және Еуропа Кеңесімен бірлесе отырып ұйымдастырылған.
Шамамен 200 жоғары шенді мемлекет қызметкері, Парламент мүшелері, сот билігі, халықаралық ұйымдар, азаматтық және ғылым өкілдері түрме реформасы саласындағы Қазақстанның жетістіктері және оның түрме жұртшылығының аса көп саны бар 50 елдер қатарынан шығарылғаны жайлы тыңдады. Шарада «Азапсыз қоғамға» атауымен үкіметтің жаңа жобасы ұсынылды, онда үкіметтің азапқа қарсы әрекеттері бойынша жоспарлары айқындалған. Сонымен қатар қатысушылар азапты алдын алу және қатыгездікпен қарау жағдайлары саласындағы ұлттық және халықаралық тәжірибені талқыға салды.
«Біз түрме жұртшылығы санының азаюында Қазақстан ілгері болғаны жайында қанағаттана айтамыз, осы жетістіктер пенитенциарлық жүйені әрі қарай жетілдірудің берік іргетасын қалады деген үміттеміз», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Елші Дьердь Сабо. «Біз Қазақстанның азапсыз қоғамды құрудағы ұмтылысын құптаймыз және Ұлттық превентивтік механизмнің (ҰПМ) заңнама базасын жетілдіру және азапқа қарсы әрекет ету мақсатында өзге маңызды бастамалар бойынша көмек көрсетуге дайын екендігімізді айтамыз».
Түрме реформасының нәтижелерін қорытындылай келе, Бас Прокурор Жақып Асанов өз сөзінде: «Түрме жұртшылығы санын азайту бойынша жоба нәтижесінде судьялар мен прокурорлардың ой-өрісі, сондай-ақ, мемлекетке алғаш рет сенім артқан темір тордың ар жағында отырған адамдардың ой-өрісі де өзгерді», - деді. Ол «соңғы бірнеше жыл ішінде түрме жұртшылығы 15.000 адамға азайғандығын, сондай-ақ, қылмыстың қайталануы айтарлықтай төмендегенін» атап өтті.
Форум қабылдаушы елде қылмыстық сот әділдік реформасын қолдау бойынша Офистің ұзақ мерзімді жұмысы аясында өткізілді.