ЕҚЫҰ Қазақстанда Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасының (ӨСАБ) конференциясын қолдауда
2016 жылғы 26 қазанда Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен Парламент, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғамдастық, халықаралық ұйымдар, және де өндіруші компаниялардың 150-ге жуық өкілдеріне арналған өндіруші салалардың ашықтығы бастамасының (ӨСАБ) жыл сайынғы ұлттық конференциясы өтті.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстандағы ӨСАБ хатшылығымен, «KazEnergy» қауымдастығымен, Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамымен (GIZ), Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығымен (ТМКҚ) және Қазақстандағы Қазақстандағы Сорос қорымен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.
Қатысушылар ӨСАБ мақсаттарына қол жеткізу үшін бірлесе атқаратын жұмысты жақсарту жолдарын талқылап, әлеуметтік инвестициялар үшін мүмкіндіктерді, Қазақстанның ӨСАБ тексеру рәсімдерінен өту дайындығының деңгейін, экологиялық шешімдерді қабылдауда азаматтық қоғамның қатысуын, сондай-ақ үкімет, азаматтық қоғам және бизнес өкілдері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың жолдарын қарастырды.
Іс-шара тиісті басқару мен тұрақты дамуды ілгерілету, және де қабылдаушы елдің демократиялық өркендеуіне қолдау көрсету бойынша Офистің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.