ЕҚЫҰ және Дүниежүзiлiк кеден ұйымы Орталық Азияда трансшекаралық сауда мәселелерін ілгерілетуде
АСТАНА, 27 қыркүйек 2016 ж. – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдан келген мемлекеттік және жеке сектордың, сондай-ақ мамандандырылған сауда және көлік ұйымдарының өкілдері үшін аймақтық транзиттік тасымалдауды жетілдіру арқылы сауда рәсімдерін оңайлату бойынша аймақтық семинар басталды.
Армения, Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түрікменстаннан келген кеден мен сауда ведомстволарының 40-қа жуық өкілдері аймақта транзиттік тасымалдар әлеуетінің артуы мақсатында мемлекет билігіндегі құралдарды талқылады. Дүниежүзілік сауда ұйымының Саудаға қолдау көрсету жөніндегі келісімін іске асыру, сонымен бірге кедендік ақпаратпен алмасу жүйелерімен танысу, Халықаралық жүк тасымалдау туралы Кеден Конвенциясы (ХЖТ) конвенциясы және оның кепілдік жүйелері, ел ішіндегі және одан тыс жерлердегі ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған кеден мен бизнес арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы мәселелер семинардың назарында болды.
«Орталық Азия аймағы сыртқы нарықтарға қолжетімді болуға тырысады, сондықтан сауда мен кеден рәсімдерін оңайлату аталған мақсатқа жету үшін маңызды болып табылады», - деді Дьердь Сабо, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы. «Офис аймақтық экономикалық интеграциясына бөгет болатын сауда кедергілерін азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметіне қолдау көрсетуді жалғастыруға дайын».
Рул Янссенс, ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық қызмет координаторы кеңсесінің экономикалық кеңесшісі әлемдік есептеулерге сәйкес халықаралық сауда шығындарының тек 5%-ы ғана нақты тарифтерден тұрады, операциялық шығыстардың басым бөлігі рәсімдер мен қызметтермен, әртүрлі өнім стандарттарымен, бизнес-құқықтық ортаның күрделілігімен және де басқа да факторлармен шартталғандығын атап өтті. «Еуроазиялық ішкі континенталдық бағыттары жанынан транзит көлемінің деңгейін жоғарылату перспективасында аймақ елдері осы тарифтік емес кедергілерді азайту үшін өз күштерін шоғырландыруы тиіс. Бұл мақсатты тек тығыз экономикалық ынтымақтастық пен өзара саяси сенімнің арқасында орындау мүмкін».
Тосихико Осава, Дүниежүзілік кеден ұйымының техникалық қызмет офицері: «Дүниежүзілік сауда ұйымының Саудаға қолдау көрсету жөніндегі келісімін ратификациялау және іске асыру әлемдегі барлық кеден әкімшіліктерінің күн тәртібіндегі маңызды мәселе болып табылады. Тиімді транзиттік тасымалдау жүйелерін құруда мүше-мемлекеттердің кеден әкімшіліктерін қолдау мақсатында Дүниежүзiлiк кеден ұйымы таяуда «Транзит бойынша нұсқаулықты» жарыққа шығарды, сонымен бірге қазіргі уақытта басқа да сәйкес нұсқаулықтарды әзірлеу үстінде», - деп түйіндеді.
Семинар барысында қатысушылар Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жанындағы Кедендік ресімдеу Астана-орталығының кеден бекетіне баратын болады.
Үш күндік семинарды ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық қызмет координаторы кеңсесі (ЭЭҚКК) мен Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен және Дүниежүзiлiк кеден ұйымымен (ДКҰ) бірлесіп ұйымдастырды.
Аталған семинар 2016 жылы ЕҚЫҰ-да Германияның төрағалығына сәйкес және қаржылық қолдауымен өтуде, онда Еуро-Азия аймағындағы «экономикалық ынтымақтастық» - инфрақұрылым, логистика, сауда рәсімдерін оңайлату және инвестициялар, бизнес-реттеушілік үдерістер, кешенді және жалпы ұстанымның негізіндегі кедендік ресімдеу мен шекаралық бақылау мәселелерін қамтитын тұжырымдамаға баса назар аударылады.