Шекара және кеден офицерлері шекара арқылы өткізу бекеттерін тексеру мәселелері бойынша ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған аймақтық іс-шарада білім алуда
2016 ж. 20 қыркүйекте Алматы қаласында шекара арқылы өткізу бекеттерінде тексеру өткізу, олардың этикасы мен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша Орталық Азияның 20-ға жуық шекара және кеден қызметтері офицерлеріне арналған семинар ЕҚЫҰ қолдауымен басталды.
ЕО қаржыландыратын Орталық Азияда шекараларды басқаруға көмектесу жөніндегі бағдарлама (БОМКА) және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисімен ұйымдастырылған үш күндік іс-шара шекара және кеден офицерлерінің адам құқықтарын құрметтей отырып, шекара арқылы өтетін тұлғаларды анықтауға көмек беретін сәйкестендіру мен профильдеу механизмдеріне қатысты әлеуетін арттыруға бағытталған.
Қатысушылар Латвияның халықаралық сарапшыларынан қазіргі заманғы техникаларды пайдалану мен шекара арқылы өткізу бекеттерін тексерудегі халықаралық стандарттар туралы ақпаратты алады. Сарапшылар сонымен қатар Еуропалық Одақтың шекара бақылау саласы мен шекаралық өткізу бекеттеріндегі сәйкес тәртіптерге жауапты ведомстволар арасындағы ынтымақтастық механизмдері туралы бөліседі.
Кейбір сессиялар шекара арқылы өткізу бекеттерінде тексеру, гендер, этникалық тиістілігі, мигранттардың деректерін қорғау, олардың құқықтары мен абыройын құрметтеуді ескере отырып, олардың этикасы мен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына арналады.
Семинар шекара қауіпсіздігі мен шекараны басқаруды күшейтуге, сонымен қатар трансұлттық қауіптерге қарсы әрекет ете отырып, біріктірілген шекараны басқару тұжырымын ілгерілетуге бағытталған.