ЕҚЫҰ Қазақстанда полицияның көпэтникалық қоғамдағы қызметі бойынша екінші жыл сайынғы оқыту семинарын өткізуде
АҚТӨБЕ, Қазақстан, 20 қыркүйек 2016 ж. - Бүгін Актөбе қаласында құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін көпэтникалық қоғамдағы полиция қызметінің ең озық практикалары мен халықаралық стандарттары бойынша үш күндік оқыту семинары басталды.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі мен Қазақстанның Ішкі істер министрлігімен (ІІМ) бірлесіп, ЕҚЫҰ ұлттық азшылықтардың істері жөніндегі жоғарғы комиссары (ҰАЖК) мен Қазақстандағы Канада Елшілігінің қаржылық қолдауымен ұйымдастырылды.
Бүкіл елдің шамамен 15 орта буын полиция офицерлері және жергілікті өкілдері полицияның этносаралық қатынастарды қабылдау маңыздылығы туралы, сондай-ақ полиция құрылымдарындағы этносаралық қатынастарда әлеуетті қалай құру туралы біледі. Канада, Ресей және Украина сарапшылары ЕҚЫҰ ҰАЖК өкілімен бірлесіп, көпэтникалық қоғамда полиция тұжырымдарын, қағидаттары мен практикаларын іске асыру, сондай-ақ оларды күнделікті жұмыста қалай қолдану жөнінде өз тәжірибесі мен білімін ұсынады.
Семинарға әртүрлілікті ұғыну, мәдени және діни ұғыну, тіл, сенім мен өзара түсіністікті нығайту мәселелері мен қоғаммен мәдени кедергілерден өту, сонымен қатар ҰАЖК көп ұлтты қоғамдағы полиция қызметі мәселелері жөніндегі ұсынымдарында сипатталғандай жаппай көпшілік жиналыстарды басқаруға әртүрлілікті ұғыну қалай енгізілуі тиіс екенін біледі. Қатысушылар тақырыптық зерттеулерден және басқа елдердегі полицияның тәжірибесіне негізделген мысалдардан білім алып, қақтығыстардың алдын алу және оларды реттеу жөнінде практикалық жаттығуларға қатысады.
Елші, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо: «Тарих көрсеткендей, өкінішке орай, қақтығыстар бірыңғай қауымдастықтарда тұтанып, қоғам мен ел, тіпті бүкіл аймақ үшін қайғылы салдарға алып келетін аласапыранды туғызуы мүмкін. Полицияның қоғамның барлық топтары өкілдерімен ынтымақтастығы ықтимал тұрақсыз жағдайларды алдын алуға және полицияның тиімді жұмысына ықпалдастық етуге жәрдемдеседі».
ІІМ М.Бөкенбаев атындағы заң институтының бастығы Сәлімгерей Қаракұшев институтта сөйлеген сөзінде: «Полиция қоғамдағы бейбіт, құқықтық және мәдени қарым-қатынастардың сақталуына ықпал ететін орган болып табылады. Мен бұл семинар жаңа проблемалардың шешілуіне, осы салада жаңа білім алуға қайнар көз болады деп сенемін. Біздің қызметкерлер өздерінің қызмет орындарына оралған соң жаңа алған білімдерін өздерінің қоғаммен күнделікті жұмыстарына енгізеді», - деп атап өтті.
Іс-шара былтыр Ақтөбеде жоғары буын полиция офицерлері қатысқан семинардың жалғасы болып табылады. Ол Офистің қабылдаушы елде полицияның жергілікті халықпен қызмет ету қағидаларын ілгерілету бойынша ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі болып табылады.