ЕҚЫҰ Қазақстанда Орхус конвенциясын іске асыру бойынша дөңгелек үстелді қолдауда
2016 жылғы 15 шілдеде Астанада Қазақстандағы Орхус конвенциясын іске асыру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Орхус орталықтары, биліктің өңірлік және орталық органдары, экологиялық үкіметтік емес ұйымдар және жеке сектордың 60 жуық өкілдері Қазақстанның Орхус конвенциясы бойынша өзінің міндеттемелерін орындаудың жетілдіру жолдарын талқылады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар конвенцияның қағидаттарын өңірлерде ілгерілетудегі ағымдағы іс-шаралармен, сондай-ақ ұлттық табиғатты қорғау заңнамасындағы жаңа өзгерістермен танысты. Олар 2014-2016 жылдардағы Орхус конвенциясын іске асыру туралы баяндама жобасын талқылап, оны одан әрі жетілдіру жөнінде пікір алысты.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Энергетика министрлігі Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпараттық-талдау орталығымен бірлесе ұйымдастырды.
1998 жылы қабылданған Орхус конвенциясы үш баптан тұрады: ақпаратқа қолжетімділік, шешімдерді қабылдау үдерісіне қоғамның қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша әділеттілікке қолжетімділік туралы. Орхус орталықтарының мақсаты экологиялық мәселелер бойынша диалогты құруда азаматтар, мемлекеттік органдар мен жеке секторды жұмылдыру үшін тұғырнаманы ұсыну болып табылады.