ЕҚЫҰ Қазақстанда қоғамдық кеңестер ықпалының өсуіне қолдау көрсетуде
15 шілде 2016 жылы Астанада ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен қылмыстық-атқару жүйесінде азаптаумен күресу жөніндегі республикалық қоғамдық тыңдаулардың өткізілуін Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі қолдады.
70 жуық қатысушы, соның ішінде ішкі істер министрінің орынбасары, аймақтардағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің қызметкерлері, сонымен қатар Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Азаптауды алдын алу ұлттық тетігінің, Азаптауға қарсы коалициясының мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен журналистер ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы абақтыда ұстау орындарының ағымдағы күйін талқылады.
Ерекше назар медициналық қызметтер және олардың стандарттарын қамтамасыз етуге аударылды. Сондай-ақ осындай мекемелердегі тіркелген азаптау мен қатыгездіктің кейбір оқиғалары қаралып, талқылаудан өткізілді. Елдің түкпір-түкпірінен 150 жуық тыңдаушы іс-шараға конференц-байланыс арқылы қатысты.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қоғамдық кеңестер және ақпаратқа қол жеткізу туралы заңдарын әзірлеуге көптеген сарапшы және қоғамдық талқылау, сондай-ақ жұмыс топтарын қолдау арқылы өз белсенді үлесін қосты. Офис, сондай-ақ заң жобаларын әзірлеудің әртүрлі кезеңдерінде құқықтық талдау жасауға өз септігін тигізді.