ЕҚЫҰ Қазақстандағы заңсыз көші-қон және реадмиссия саласындағы басқару мәселелері бойынша семинарды қолдауда
2016 жылдың 6 маусым күні Астанада Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 10 жуық қызметкерлеріне арналған заңсыз көші-қонды басқару және реадмиссия рәсімдерінің озық халықаралық тәжірибесі мәселелері бойынша Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қолдауымен семинар басталды.
Еуропалық Одақ қаржыландыратын Орталық Азиядағы шекараларды басқару жөніндегі бағдарлама (БОМКА) ұйымдастыруымен, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Халықаралық көші-қон ұйымы және Латвия мемлекеттік шекара күзетімен бірлесе отырып өткізілген үш күндік іс-шара барысында шекараны кесіп өтетін осал мигранттар тобына қатысты ұлттық заңнамалардың халықаралық тәжірибеге сәйкестілігіне назар аударылды.
ЕҚЫҰ қолдауымен дайындалған реадмиссия саласындағы заңнама сараптамасымен бірге заңға бағынышты акт жобасы ұсынылып, құқықтық және институционалдық базаның даму барысы пікірсайыс нысанында қатысушылармен талқыланды. Қатысушылар сонымен бірге реадмиссия және адам саудасымен күрес жөніндегі мәселелерді талқыға салды. Пікірталас қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық озық тәжірибеге сәйкес ұлттық заңнамалардың кейбір бөлімдеріне қосымшалар енгізу туралы ұсыныстар әзірледі.
Аталған семинар қабылдаушы елде шекара қауіпсіздігін нығайту және еңбек көші-қонды тиімді басқаруға қатысты Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.