ЕҚЫҰ Қазақстандағы қауіпті химиялық заттар мен ескірген пестицидтер бойынша екінші оқыту семинарды өткізуде
2016 ж. 29 сәуірде Қазақстанның Арал қаласында қауіпті химиялық заттар мен ескірген пестицидтерді дұрыс қолдану туралы хабардарлығын нығайту мақсатымен ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған екі оқыту семинарлар сериясының екіншісі аяқталды.
50-ден астам жергілікті билік органдары, ауыл шаруашылық сектор, ғылыми қауымдастық және қоғамдық экологиялық ұйымдардың қызметкерлері қауіпті химиялық заттар мен ескірген пестицидтерді дұрыс қолдану туралы тиісті рәсімдермен танысты.
Аталған іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі «Қызылорда Орхусс орталығы» қоғамдық қорымен ынтымақтастықта ұйымдастырды. Ол Қазақстанда Орхусс конвенциясының халықаралық стандарттарын енгізуді дамытуға бағытталған ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.