ЕҚЫҰ Қазақстанда лаңкестікке қарсы әрекет бойынша халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастыруда
АСТАНА, 29 ақпан 2016 – Лаңкестікке әкелетін экстремизм мен радикалдану негізінде жатқан факторлар, сондай-ақ Орталық Азияда және одан тыс өңірде осы қауіпке ұтымды жауап бағдарлары Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығымен бірлесіп ұйымдастырған халықаралық дөңгелек үстел барысындағы бүгінгі талқылаудың өзегі болды.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Басшысының қызметін уақытша атқарушы Мирко Гюнтер: «ЕҚЫҰ және одан тыс аймақтарда төзбеушілік пен радикализмге қарсы барлық дауыстарды біріктіруге арналған «Зорлық экстремизмге қарсы біргеміз» атты науқаны арқылы барша мүше-мемлекеттермен жұмысты жалғастыруда», - деп атап өтті. «Халықаралық деңгейдегі бірлескен ынтымақтастық және озық тәжірибемен алмасу лаңкестікке үндеуге қарсы әрекеттің өзекті компоненттері болып табылады».
Шара барысында Мәжілістің (Парламенттің төменгі палатасы) 70 жуық жоғары деңгейдегі өкілдері, ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Премьер-Министрі Аппараты, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері жөніндегі комитеті, Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті, Бас прокуратура, Конституциялық Кеңес, ұлттық сарапшылар, саяси партиялар басшылары мен азаматтық қоғам өкілдері, БҰҰ Даму бағдарламасы, Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі БҰҰ аймақтық орталығы мен шетелдік елшіліктер өкілдері қатысты.
Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығының Президенті, генерал-майор (отставкадағы) Қозы-Көрпеш Кәрбозов былай деп атап өтті: «Халықаралық лаңкестікке қарсы күрес саяси, экономикалық, әлеуметтік және қауіпсіздік мәселелерін қоса алғанда жан-жақты әдістемені қажет ететіні айқын. Осының барлығы зорлық экстремизмді алдын алуға бағытталған ұйымдар үкімет, азаматтық қоғам және жергілікті қоғамдастық мүшелерінің үйлестірілген күш-жігерін талап ететінін көрсетеді».
Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Ұлыбритания сарапшылары зорлық экстремизм тәжірибесін насихаттаушы топтардың мінез-құлық сипаттамалары мен әдістемесі, лаңкестік мақсатта Интернет желісін пайдалану, лаңкестік ұйымдар қатарына енуге үндеу және жастар арасында зорлық экстремизм тәжірибесін қолданушы топтар насихаттауына қарсы әрекет бойынша өзінің зерттеулерін ұсынды.
Талқылау нәтижесінде қатысушылар лаңкестікпен күрес және оны алдын алу бойынша парламент және ұлттық сарапшылар үшін олардың азаматтық қоғаммен өзара іс-әрекетті күшейту саласында бірқатар ұсынымдар әзірледі.
Іс-шара лаңкестікке әкелетін экстремизм мен радикалданумен күресудегі қабылдаушы елге жәрдемдесу бойынша адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеумен қатар ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.