ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Қазақстанда ақпаратқа қол жеткізу туралы семинарларды бастауда
2015 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстандағы Алматы қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен ақпаратқа қол жеткізу туралы заңды жүзеге асыру бойынша семинар 60-қа жуық Парламент депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, журналистер, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін жинады.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Нұр Отан партиясының фракциясы, Алматы қаласы әкімдігі мен ҚР Президенті жанындағы Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның бірлесуімен ұйымдастырды.
Cеминар барысында жақында қабылданған «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» және «Қоғамдық кеңестер туралы» заңдардың орындалуы талқыланды. Қатысушылар халықаралық стандарттар мен ашық үкімет, бюджет ашықтығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар қағидаттарын, жұртшылық алдындағы мемлекеттік есептілігін арттыруға бағытталған шараларды, ақпарат иелері мен пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін, ақпарат иелерінің қызметі туралы ақпаратты ашу әдістерін талқылады.
Келесі семинар 2015 жылдың 21 желтоқсанында Астанада өтеді деп жоспарланып отыр.
Іс-шара Офистің қабылдаушы елге негізгі бостандықтарын ілгерілетудегі, атап айтқанда ақпаратқа қол жеткізудегі және тиімді басқарудағы ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.