ЕҚЫҰ Қазақстанның банк секторына ақшаның жылыстатуымен және терроризмді қаржыландырумен күресте көмек көрсетуде
2015 жылы 9 желтоқсанда Алматы қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен банк секторының шамамен 30 өкіліне арналған ақшаның жылыстатуын және терроризмді қаржыландыруды анықтауға және олардың алдын алуға бағытталған халықаралық сертификаттау бағдарламасы басталды.
Үш күндік іс-шараны Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті, Ұлттық банк, Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығы, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі және Қазақстандағы АҚШ елшілігі ұйымдастырды.
Қазақстанның екінші деңгейдегі шамамен 20 банкінің мамандары халықаралық практикада бар құралдар мен озат тәжірибені үйреніп, ақшаның жылыстатуына және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету саласындағы халықаралық стандарттарды, сондай-ақ банк алаяқтығы әдістері мен схемаларын қарастырады. Қатысушылар қаржылық қылмыстарды тергеуде құзыретті органдар мен банк секторы өкілдерінің арасында әрекеттесуді нығайту жолдарын талқылайды.
Бұдан басқа, іс-шара нұсқаушыларды даярлау курсын қамтиды, оны осы курстың оқыту жоспарын даярлаған Ақша жылыстатумен күрес жөніндегі сертификатталған мамандар қауымдастығынан ақшаның жылыстатуына қарсы әрекет ету және қаржылық қылмыспен күрес саласындағы аға маман өткізеді.
Бұл іс-шара Офистің қабылдаушы елде тиісті басқару, ақшаның жылыстатуына және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету саласындағы көп жылғы қызметінің бөлігі болып табылады.