Жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі озық тәжірибе ЕҚЫҰ-ның Қазақстанда өткізген семинары назарында
АСТАНА, 17 қараша 2015 ж. - Бүгін Астанада ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ұйымдастыруымен жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы озық тәжірибе мәселелері бойынша семинары өтті.
Іс-шара жергілікті өзін-өзі басқару мәселелер бойынша заң жобасын әзірлейтін, парламент мүшелерінен, ауылдық округтар мен шағын қалалардың әкімдерінен, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігі және Ұлттық экономика министрлігі, Орталық сайлау комиссиясы, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен құралған ведомствоаралық жұмыс тобының шамамен 30 мүшелері үшін өткізілді.
Қатысушылар жергілікті деңгейдегі басқару тиімділігін арттыру тәсілдерін зерделеп, халықаралық озық тәжірибенің талаптарына сай келетін заңнамалық ұсыныстар әзірледі. Франция мен Венгрия сарапшылары қоғамдық функцияларды орталықтандырмау, бөліп-үлестіру, жергілікті өзін-өзі басқару үшін табыс көзін құру және жергілікті бюджеттің игерілуін бақылау жүйесін құру барысында орталық және жергілікті билік арасында тиімді серіктестік құру мәселесі бойынша өз елдерінің тәжірибелерімен бөлісті. Семинар сонымен қатар ауыл аймақтарындағы жергілікті билік органдарын басқарудағы қиындықтарды қарастыруға және азаматтардың шешімдердің демократиялық жолмен қабылдануына қатыстырылу жолдарын зерттеуге мүмкіндік берді.
«Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша таяуда қабылданған заңнама жергілікті өзін-өзі басқару концепциясы мен модернизация жөніндегі ұлттық комиссия ұсынымдарының толық орындалуын қамтамасыз етеді», - деп Парламент мүшесі Шалатай Мырзахметов атап өтті. «Атап айтқанда, осы құжат азаматтардың негізінен, қоғамдық меншікті басқаруға қатысты шешімдерді жергілікті деңгейде қабылдау барысындағы рөлін арттыруға септігін тигізбек».
ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы Наталия Зарудна Қазақстанның жергілікті өзін-өзі басқаруды жүргізу мәселесіндегі соңғы үш жылда жеткен жетістіктерін атап өтті: «Дей тұрғанымен, шешілмеген мәселелер әлі де бар, әсіресе, бүкіл ел бойынша тең әлеуметтік стандарттардың кепілдендірілуіне, жергілікті билік органдарына сайланудың нақты әдістемесінің әзірленуіне және жергілікті органдардың есеп беру деңгейінің арттырылуына қатысты жұмыс әлі де бар. Мұның бәрін орталықтандырмауды реформалаудың келесі кезеңінде заң жобаларын құру кезінде ескеру қажет».
Іс-шара қабылдаушы елде тиісті басқаруды жылжытуға және демократизациялауға бағытталған Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді күш салуының бөлігі болып табылады.