ЕҚЫҰ Қазақстан судьяларына үшін адам саудасымен күрес жүргізу мәселелеріне арналған семинарларын тәмамдауда
АСТАНА, 4 қараша 2015 жыл - Бүгін Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған облыстық судьяларға арналған адам саудасына байланысты істерді қарастыру саласындағы ұсынылған озық тәжірибе жөніндегі екі күндік жеті оқыту семинарлары топтамасының ішіндегі соңғы семинар өз жұмысын бастады.
Жарты жылға созылған бағдарламаны ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Жоғарғы сот және Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің бірлесуімен ұйымдастырған болатын.
Жетекші халықаралық сарапшылар елдің түпкір-түпкірінен жиналған 250 судьяға адам саудасына қатысты қылмыстық істерді қарастыру кезінде жергілікті және халықаралық құқық құралдарын барынша оңтайлы пайдаланудың жолдары туралы айтты.
Қазақстанның құқықтық мәселелер жөніндегі белді сарапшылары семинар қатысушыларына адам саудасына қатысты қылмыстық істерді қарастырудың, сотта дәлелдер ұсынудың және қылмыстарды тиісінше дәрежелеу құралдарын пайдаланудың озық тәжірибелері жайлы баяндап, сондай-ақ адам саудасымен күресу жолындағы халықаралық құқық құралдарының құқық қорғау және сот тәжірибесіне интеграциялануының тиімді жолдарымен таныстырды. Азаматтық қоғам өкілдері адам саудасының құрбандарына жәрдемдесудегі тәжірибелерімен бөлісті.
«ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі түрлі үкіметтік ұйымдар мен ҮЕҰ-дың адам саудасы құрбандарын сәйкестендіру және қорғау жолындағы іс-қимылдарын жұмылдыруға көмектесетіндіктен ғана емес, мемлекетке мұндай қылмысқа барған адамдарды айыптап, жазалауға мүмкіндік беретіндіктен, адам саудасының құрбандарын қайта бағыттаудың ұлттық тетігінің дайындалуына қолдау көрсетті», – деп бөлісті ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі басшысының орынбасары Мирко Гюнтер. «Соңғы алты айдан бері өткізіліп келген оқыту семинарлары қылмыстық және әкімшілік істер жөніндегі судьялардың мұндай маңызды мәселедегі кәсіби дағдыларын шыңдауға бағытталған болатын», - деді.
Астанадағы АҚШ елшілігінің Есірткіге қарсы халықаралық күрес және құқық қорғау жөніндегі бюросының жетекшісі Робин Шафер: «Адам саудасының құрбандарын қайта бағыттауды анықтау тетіктерінің нәтижелілігіне көз жеткізуіміз кажет. Зардап шеккендерді анықтау процесіне барлық мүдделі тараптарды тарта білетін мемлекеттер адам саудасымен айналысатын тұлғаларды жауапқа тартуда, зардап шеккендерді анықтауда артық мүмкіндіктерге ие болады», - деп айтты.
Аталмыш іс-шара ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қабылдаушы елге адам саудасымен күрес жүргізуге және ЕҚЫҰ адам саудасымен күресуге бағытталған іс-қимылдар жоспарының енгізілуіне қолдау көрсету жолындағы ұзақ мерзімді жұмыстарының аясында өткізіліп отыр.