ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстандағы жыл сайынғы жастар лагерінің өткізілуіне қолдау көрсетуде
АСТАНА, 17 қазан 2015 жыл - Жастар саясатын жүзеге асыру, жастар арасындағы тұрақты даму және олардың мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері бүгін Астанада басталған алтыншы жыл сайынғы екі күндік «ЖасКэмп» іс-шарасы күн тәртібінің назарында болды.
Бұл Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі және Сорос-Қазақстан мен Фридрих Эберт қорларының қолдауымен бірлесіп ұйымдастырған қазан айында өтетін үш жастар лагерлері кезегіндегі екіншісі болып табылады.
Астанадағы ЖасКэмп 150 қатысушыны, оның ішінде жергілікті билік органдары, азаматтық қоғам, іскерлік, ғылыми қауымдастық өкілдерін және еліміздің солтүстік және орталық аймақтарынан келген жас белсенділерді жинап отыр. Қырғызстан, Польша, Ресей Федерациясы, Украина және Америка Құрама Штаттарынан келген халықаралық және қазақстандық сарапшылардың жетекшілігімен жергілікті өзін-өзі басқару, қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар әлеуметтік және бизнес-жобаларды табысты іске асыру тақырыптарындағы интерактивті семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Негізгі тақырыптар жастар қоғамдық кеңестерінің ашықтығы мен тиімділігі, тұтынушылық мәдениет және экологиялық таза өмір салтымен қосылған байланысты құндылықтар сияқты мәселелерді қамтиды. Сонымен бірге болашақ лидерлер саясатта және азаматтық белсенділікте жастардың рөлін, қалалық жерлерде мемлекеттік қызмет көрсету және әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелерін қарастырады.
«ЕҚЫҰ трансұлттық қауіп-қатерлер бойынша пікір алысуға дәйекті түрде жастарды қатыстыруда, осылайшы оларды жаңа және ескі проблемаларды шешу үшін инновациялық тәсілдер мен ерекше идеялар ойлап шығаруға ынталандырады», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы Наталия Зарудна. Ол осы күш-жігердің мақсаты жас көшбасшылардың өз елдерінің тағдырын өз қолына алып, өзара сенім, құрмет пен ынтымақтастық рухында аймақтың дамуы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға байланысты сенім қалыптастыруда жатқанын атап өтті.
Ирина Mедникова, Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі қоғамдық қорының директоры: «Біз жас буынның қажеттіліктеріне назар аударып, сонымен қатар мемлекеттік институттарды жастарды тек мемлекеттік саясаттын объектілері ретінде ғана емес, серіктестер ретінде қарастыруға шақырамыз. Жастар шешім қабылдау және негізгі қоғамдық бастамаларды іске асыруда үлкен рөл атқаруы тиіс», – деді.
Талқылаулар нәтижесінде қатысушылар жастар қоғамдық кеңестерінің жұмысын ілгерілетуге байланысты Білім және ғылым министрлігіне жіберілетін ұсынымдар топтамасын әзірлейді. Олар сондай-ақ Шымкентте өткен ZhasCamp отырысында ұсынылып, 2016 жылы Жастар ақпараттық қызметімен ынтымақтастықта жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалардың бірнеше идеяларын қарастырады.
Биылғы жылы ел шеңберінде қатысушы жастардың санын көбейту мақсатында ЖасКэмп дәстүрлі өткізілген орны Алматыдан аймақтарға шықты. Шымкент, Астана мен Ақтауда қатарынан өткізілетін үш іс-шараға ой бөлісіп, бірдей құндылықтарды алға тартып, әрі түрлі бастамаларды ұсынатын 400-ден астам жас белсенділер қатысады деп күтілуде.
Іс-шара ЕҚЫҰ-дағы Швейцария мен Серб төрағалықтарының басымдықтарымен сәйкес қабылдаушы елдегі жастарды қолдау мен оларды шешім қабылдау процесіне араластыруға қажетті құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудегі Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.