ЕҚЫҰ Қазақстанда трансұлттық ұйымдастырылған қылмысқа қарсы күрес жөнінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін оқытуда
2015 жылдың 5 қазанында Шымкентте, Оңтүстік Қазақстан, ЕҚЫҰ қолдауымен трансұлттық ұйымдастырылған қылмысқа және есірткі, психотроптық заттар және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы әрекет ету жөнінде оқыту семинары басталды.
Үш күндік іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті және Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігі құқық қорғау органдарының білімін арттыру және осы трансұлттық қатерлерді шешуде олардың машықтарын жақсарту мақсатында ұйымдастырды.
Мемлекеттік кіріс комитеті, Бас Прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік кіріс комитетінің Кинологиялық орталығы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шамамен 20 офицері трансұлттық ұйымдастырылған қылмыспен және есірткінің заңсыз айналымымен күресу жөніндегі үздік практикалармен танысады.
Ұлттық және халықаралық сарапшылар есірткі мен олардың прекурсорларын сатудың халықаралық арналарын сәйкестендіру және түбірімен жою саласындағы халықаралық тәжірибеге, сондай-ақ бақылаудағы жеткізуді және есірткі сатушыларды анықтаудың психологиялық әдістерін пайдалануға шолу ұсынады. Кейбір сессиялар синтетикалық есірткі және олардың айналымын бақылауға, әсіресе Америка Құрама Штаттарында, арналады. Кәсіби психологтар халықаралық шекарасын кесіп өтетін әлеуетті қылмыскерлерді анықтау әдістерімен бөліседі. Интерактивті жаттығулар офицерлердің күнделікті жұмысында кездесетін шынайы жағдайларды үлгілеуге көмектеседі.
Іс-шара осы жылға жоспарланған аталмыш тақырып бойынша төрт іс-шаралардың соңғысы. Бұл Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі қызметінің есірткінің заңсыз айналымымен күреске ерекше көңіл бөле отырып, трансұлттық ұйымдастырылған қылмыстың алдын алу және қарсы әрекет ету мақсатында қабылдаушы елдің әлеуетін өсіру жөніндегі бөлігі болып табылады. Жалпы, шамамен 110 кеденшілер Ақтау, Алматы және Өскемен қалаларында оқыту семинарларға қатысты.