ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Қазақстанда органикалық егін шаруашылығының дамуына ықпал етуде
ШЫМКЕНТ, Қазақстан, 28 қыркүйек 2015 ж. – Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында,, ЕҚЫҰ қолдауымен ауылшаруашылығының тұрақты даму мәселелеріне және «жасыл өсу» қағидаттарына ерекше назар аударылған семинар өтті.
Бұл Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясымен бірлесіп ұйымдастырған ауылшаруашылық бизнеске арналған мадақтау құралдарын қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі мәселелері жөніндегі және қабылдаушы елге «жасыл» экономикаға көшу бойынша қолдау көрсетуге бағытталған үш іс-шараның екіншісі болып табылады. Алдыңғы семинар Қызылорда қаласында осы жылы шілдеде өткізілді.
40-қа жуық фермерлер мен кәсіпкерлер ұлттық және халықаралық озат тәжірибемен танысу, сондай-ақ қазір әзірлеу сатысындағы органикалық егін шаруашылығын ілгері жылжыту жөніндегі жаңа заңнаманың қажеттіліктері мен басымдықтарын қарастыру мақсатымен жиналды. Талқылауларда органикалық өнімді өз еркімен сертификаттау жүйесіне және ауылшаруашылығында құнарлықты жақсарту мақсатында озат технологиялар мен тексерілген әдістерді енгізу үшін үкімет беретін ынталандыру шараларына баса назар аударылды.
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі басшысының орынбасары Мирко Гюнтер: «Органикалық егін шаруашылығы Қазақстанда перспективті бағытты көрсетеді. Фермерлердің мұқтаждықтары көрсетілген және агробизнесті ынталандырудың тиімді шаралары бар тиісті заңнама елдегі органикалық ауылшарушылық сектордың дамуына өз үлесін қосады», - деді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов: «Экономикалық даму және халықтың тұрмыс деңгейін жоғарылату мақсатында үкімет ауалшаруашылыққа инновациялық технологиялар енгізуді және жер ресурстарын басқаруды ынталандырады, сондай-ақ фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыруды қолдап, өткізім нарықтарға олардың өнімдерінің кіруін жеңілдетеді. Бұдан басқа, ғылыми-зерттеу институттары органикалық өнімдерді дамыту және жақсарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде»,- деп мәлімдеді.
Бұл іс-шара Офистің «жасыл» өсу және қабылдаушы елде тұрақты даму қағидаттарын ықпал ету жөніндегі ұзақ уақыттан бері атқарылып келе жатқан жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.