ЕҚЫҰ Офисі Қазақстанда БАҚ-пен өзара іс-қимылды жақсарту үшін судьяларға арналған семинарды қолдауда
19 маусым 2015 ж. Қазақстандағы Астана қаласында соттар мен жұртшылық арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға арналған оқыту семинары ЕҚЫҰ колдауымен өтті.
Бір күндік семинарды Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен ҚР Жоғарғы Сотының бірлесуімен ұйымдастырылды. Іс-шара БАҚ пайдалануына арнайы назар аудара отырып, соттар мен жұртшылық арасындағы өзара іс-қимылды жаксартуға бағытталған.
Семинар бүкіл ел бойынша шамамен мамандандырылған әкiмшiлiк соттардың 30 судьяларын жинады. Ресей Федерациясының сарапшысы және ұлттық БАҚ сарапшылар соттар мен бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы ынтымақтастық саласындағы үздік тәжірибемен алмасып, жұртшылықтың назарындағы сот iстерiне жауап беру жолдарын ұсынып, қоғамдық презентациялардың қалай дайындалатынын талқылады.
Іс-шара ақпаратқа қол жеткізу мен БАҚ бостандығы саласында қабылдаушы елдің үкімет пен азаматтық қоғамға сараптамалық қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі офис қызметінің бөлігі болып табылады.