ЕҚЫҰ офисі Қазақстанда кибер қылмысқа қарсы күрес жөнінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін оқытуда
15 маусым 2015 ж. Қазақстандағы Алматы қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстанның құқық қорғау органдарының өкілдері үшін кибер қылмысқа қарсы күрес жөнінде оқыту семинары басталды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлесуімен Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Бас прокуратура, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті мен Алматыдағы полиция академиясының шамамен 30 қызметкерлеріне ұйымдастырды.
Қатысушылар американдық сарапшылар оқытатын «Компьютерлік қылмыстар мен электрондық коммерция саласындағы қылмыстарды тергеу негіздері» курс бойынша білім алады.
Кіріспе курс электронды дәлелдемелер немесе кибер қылмыстарды тергеумен айналысатын құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналады. Олар аппараттық құралдар, компьютерлік желілер, хакерлік шабуылдар әдістері, ақпараттық қауіпсіздік, Интернет ресурстар мен электрондық дәлелдемелерді пайдалану туралы білім негізін алады.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері әр түрлі кибер қылмыстар мен электрондық коммерция саласындағы қылмыстарға бастапқы жауап беруге дайындалатын болады. Оқыту курстың материалдары Microsoft Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеу негіздерін білетін және Интернет пайдалану тәжірибесі бар, осы шеңберден басқа арнайы іскерлікке ие емес тыңдаушыларға арналған.
Оқыту семинар ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің трансұлттық қауіп-қатерлер, ақша жылыстату мен терроризмді қаржыландырумен күрестегі және Интернетті қылмыстық мақсаттарда пайдалануды болдырмау қызметінің бөлігі болып табылады.