ЕҚЫҰ сенім және қауіпсіздік шаралары бойынша оқу курсын өткізуде
«Вена құжаты ЕҚЫҰ әскери-саяси өлшемінің ең маңызды құралдардың бірі болып табылады, ол ынтымақтастық, транспаренттілік, сенім нығайту және тексеру жүйесіне негізделген», - деді генерал-майор Асхат Рыспаев, Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы. «Біздің жыл сайынғы семинарлардың Вена құжатының баптарын оқып білу негізгі мақсаты болғанына қарамастан, құжаттың рухын ұғыну бірдей маңызды болып табылады».
Елші Наталия Зарудна, ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы: «Өткен жылдан бері 2011 жылғы Вена құжатының міндеттемелерін орындау қажеттілігі барған сайын айқын көрiнiп келедi. Ағымдағы қиын қауіпсіздік жағдайында барлық қатысушы мемлекеттер ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың жұмысындағы жетістіктері мен кемшіліктерін талдауы қажет. Мемлекеттер ЕҚЫҰ аймағында жаңа мәселелерді және қауіпсіздікке төнетін қатерлерді болдырмау үшін құралдар арсеналын жаңартуы және қарастыруы қажет», - деді.
Қатысушылар 29 мамырда Астана маңында орналасқан 36-шы десанттық-шабуыл бригадасына оқыту инспекциялық сапарға барып, Вена құжатының баптарына сәйкес тексеру мен сәйкестілік мәселелерін талқылайды. Вена құжаты ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттерге өздерінің әскери күштері мен әскери қызметі туралы ақпарат алмасуды жүктейді. Сонымен қатар, құжатта сәйкестілік пен тексеру туралы баптар, мысалға тексерулер мен есептеме жүргізу мен беру, сонымен қатар тәуекелді азайту, әскери байланыстар мен ықпалдастық және әскери қызметтің нақты түрлері бойынша алдын ала хабарлама беру мәселелері қамтылған. ЕҚЫҰ Астанадағы миссиясы Вена құжаты бойынша аймақтық семинарларды 2007 жылдан бастап ұйымдастырып келеді. Бұл шара ЕҚЫҰ сенім және қауіпсіздік шаралары жөнінде хабардар болуды және өңірдегі қауіпсіздікті арттыру бойынша Орталықтың ұзақ мерзімді қызметінің бір бөлшегі болып табылады.