Бүгін ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2014 жылғы есебі ұсынылды
ҚАРАҒАНДЫ, 25 мамыр 2015 жыл – Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі ұлттық уәкілдің (Омбудсмен) 2014 жылғы қызметі туралы есеп бүгін ЕҚЫҰ қолдауымен Қарағандыдағы Ішкі істер министрлігі академиясында жарық көрді.
Есептің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармасын мен жариялануын Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі қолдады. Қазақстандағы Омбудсмен Бюросымен бірлесіп ұйымдастырылған тұсаукесерге 400 жуық қатысушы, соның ішінде парламент депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, заңгер ғалымдар, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ академияның студенттері мен оқытушылары жиналды.
Талқылау 2014 жылы Уәкілдің атына азаматтардың, азаматтық қоғам институттарының және құқық қорғау ұйымдарынан келіп түскен және есепте жиналған шағымдарға байланысты адам құқықтары жағдайын саралауға, соның ішінде негізгі көрсеткіштерді, статистикалық және анықтамалық материалдарды талдауға бағытталды.
Қатысушылар есептегі көрсетілген сауалдар мен ұсынымдарға мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан жауап берудің айтарлықтай өсуінен, сондай-ақ оларды жүзеге асырудан көрініс тапқан омбудсменнің парламентпен, мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық серіктестермен кеңейтілген ынтымақтастығын атап өтті.
Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров: «Құқық қорғау органдарының, соттардың және жалпы мемлекеттік аппараттың жұмысын жетілдіру, құқық үстемділігі мен басқарудың ашықтығын нығайту, заңды әрі қарай ырықтандыру, сондай-ақ, осы үдерістерге азаматтық қоғамдастықты тарту жөніндегі институционалды реформалар кең ауқымды экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық және саяси құқықтарды іске асырумен тығыз байланысты. Бұл тұрғыда, адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық мекемелердің жұмысы өте маңызды болып табылады», - деді.
«Уәкілдің жыл сайынғы есебінің қорытындылары мен ұсынымдарын ел аймақтарында кең аудиторияның қатысуымен қоғамдық талқылауданн өткізу адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық мекемелердің қызметінде ең маңызды бағыттардың бірі болып табылады», - Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің саяси сұрақтар жөніндегі кеңесшісі Колин Маккалоу деді. Ол мұндай жариялаудың арқасында есептегі ұсынылған ескертулер және ұсыныстардың жұртшылық үшін қол жетімді жасауға және мемлекеттік органдар тарапынан олардың жүзеге асырылуын ілгерілету бойынша азаматтық қоғамның қолдауын біріктіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Іс-шара Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық мекемелердің әлеуетін нығайту бойынша ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.