ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисi VIII Астаналық экономикалық форумында энергия тиімділігі жөніндегі мәселелердің талқылануын қолдайды
Қазақстан Республикасының Астана қаласында 2015 жылдың 22 мамырында VIIІ Астаналық экономикалық форум шеңберінде ЕҚЫҰ қолдауымен «жасыл технологиялар» және «аз көміртегілі экономика» негізі ретіндегі энергия тиімділігі мәселелерін талқылау жөніндегі панельді сессия өтті.
Жарты күнге созылған іс-шараға Парламенттің, мемлекеттік органдардың, бизнес және ғылым қоғамдастықтардың, азаматтық қоғамның, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ академиялық ортаның 80-ге жуық өкілі жиналды. Офис инновациялардың дамуы, халықаралық ғылыми және техникалық ынтымақтастық, қаланы тұрақты жоспарлау және жасыл құрылыс мәселелерін талқылаған Болгариядан, Чехия Республикасынан және Украинадан келген сарапшылардың іс-шараға қатысуына қолдау көрсетті. Сондай-ақ форумға қатысушылар энергетикалық тиімді пилотты жобаларды жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан тәжірибесі туралы танып білді.
Аталған панельді сессия «болашақтың энергиясы» тұжырымдамасына арналған алдағы EXPO-2017 халықаралық көрмесі аясындағы елдегі «жасыл экономика» және тиімділік қағидаларын алға қою мәселелерін мақсат тұтқан ЕҚЫҰ бұрын жүзеге асырылған қызметінің жалғасы болды.