ЕҚЫҰ Қызылорда су торабының қауіпсіздігі мәселесіне арналған семинарды қолдауда
2015 жылдың 21-22 сәуір күндері Қазақстанның Қызылорда қаласында Қызылорда су торабының қауіпсіздігі мен тұрақтылығы мәселесіне бойынша екі күндік семинар өтті.
Шара Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясының қатысуымен ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырылды. Семинар жұмысына орталық және жергілікті билік органдарының, іскерлік қауымдастықтың және зерттеу институттарының 22 өкілі, сондай-ақ халықаралық және ұлттық сарапшылар қатысты.
Қатысушылар гидротехникалық құрылыстарды бақылаудың заманауи әдістерін талқылап, халықаралық мамандар Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының қолдауымен әзірлеген Қызылорданың су торабының қауіпсіздігі мен қалыпты жұмысына сараптық баға берді. Осымен қатар жиын барысында сумен қамту жүйелері мен құрылғыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заңнаманы жетілдіру және су шаруашылығы саласындағы кадрлық әлеуетті нығайту мәселелері қарастырылды. Семинар барысында қатысушылар Қызылорда су торабын тексеріп, оның пайдаланылуына баға берді. Қызылорда торабының қауіпсіздігі мен орнықтылығы жөніндегі Жұмыс комиссиясының мүшелері кейінгі уақытта басшылыққа алуы үшін бірқатар ұсынымдар әзірленді.
ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы Наталия Зарудна қатысушылардың назарын Министрлер кеңесінің қатысушы мемлекеттерді апатты болжау, апаттың алдын алу, тиісті іс-қимылдар жүргізу және апат салдарын қалыпқа келтіру мақсатында барлық деңгейдегі іс-шаралардың қолға алынуын қоса алғанда, апат қаупін басқару кезінде кешенді тәсім қолдануға шақыратын дүлей апаттардың қауіпін азайту жөніндегі шешіміне аударды. Осымен қатар ол Сербияның ЕҚЫҰ төрағалық етуі және Қазақстанда Су жылының атап өтілуі контекстінде су ресурстарын басқару маңызды екендігін атап өтті.
Аталмыш семинар Бағдарламалар офисінің 2014 ж. Швейцарияның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы ұсынған баса мән берілетін міндеттер ретінде табиғи және антропогендік апаттарды, залалын азайту және қалпына келтіру мәселелеріне бағытталған қызметі аясында өткізілді.