ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі экология мәселелері бойынша шешімдердің қабылдану барысына жұртшылықтың қатысуы жөніндегі талқылауды ұйымдастыруда
ӨСКЕМЕН, 15 сәуір 2015 жыл – Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен экология мәселелері бойынша шешімдердің қабылдану барысына жұртшылықтың қатысу мәселесі талқыланатын дөңгелек үстел отырысы өтті.
Отырыс жұмысына аймақтық әкімшіліктің, жеке және азаматтық секторлардың, ғылыми және сарапшы қауымдастықтарының 40 жуық өкілі қатысты.
Ic-шара Шығыс Қазақстан облысындағы Орхусс орталығымен ынтымақтастық аясында ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырылып, экология мәселелері бойынша шешім қабылдау барысына қалың жұртшылықтың қатысуын ынталандыруға бағытталған. Отырыс кезінде «Экологиялық ақпарат алу, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шешімдер қабылдану кезінде жұртшылықтың қатысуы және сот әділдігіне қол жеткізу туралы» Орхусс конвенциясы ережелерінің осы аймақта орындалуына қатысты проблемаларға баса мән берілді.
Қатысушылар қоршаған ортаға қатысты проблемаларды қарастыру кезінде мүдделі тұлғалар арасындағы ынтымақтастықты нығайту қадамдарын талқылауға салды. Осымен бірге қатысушылар өңірде өткізілген қоғамдық тыңдаулар кезіндегі жасалған тұжырымдармен, сондай-ақ Қазақстанда Тастандылар мен ластаушы заттарды тасушылар тізілімінің (ТЛЗТТ) құрылу мәселесімен танысып шықты.
«ЕҚЫҰ Орхусс Конвенциясы ұстанатын принциптерді іске асыру және ортақ қауіпсіздіктің маңызды компоненттерінің бірі саналатын қоршаған ортаның қауіпсіз әрі орнықты гүлденуін қамтамасыз ету мақсатында барлық мүдделі тұлғалардың арасында диалог алаңы болып табылады», - деді ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы Наталья Зарудна. «Бүгінгі таңда біз қолға алып отырған іс-қимылдар ұлттық және аймақтық деңгейдегі өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ қоршаған орта және экономика салаларына қатысты мәселелердің талқылануына азаматтық және іскерлік қоғамдастық өкілдерінің тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз ету қажеттілігін алға тартып отыр».
«Экологиялық құқықты қорғау – бұл ең алдымен өз азаматтарының құқығын қорғауға және де бірқатар халықаралық келісімдер бойынша міндеттемелерін орындауға міндетті мемлекетпен диалог жүргізу. Орхусс конвенциясы тек қана қоршаған ортаны қорғау механизмі ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны жақсарту және сақтау процесінде қоғамдық ұйымдардың рөлін күшейту арқылы демократияға көмектесу құралы болып табылады», - деді Шығыс-Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Олег Чернышов.
ЕҚЫҰ қолдауымен өткен дөңгелек үстел отырысы Шығыс Қазақстан облысында экология мәселелері бойынша шешім қабылдануына жұртшылықтың қатысуын нығайту жөніндегі бес айға белгіленген жобаның аясында ұйымдастырылды. Болашаққа жоспарланған іс-шаралар барысында шешімдердің қабылдану барысына жұртшылықтың араласуына мониторинг жүргізіліп, қоғамдық тыңдаулар өткізу жөніндегі семинарлар және Шығыс Қазақстандағы Орхусс орталығының сайтындағы экология мәселелері бойынша деректер базасын құруды қамтиды. Өткізілген отырыстың қорытындысы бойынша Орхусс Конвенциясы ұстанымдары тиімдірек орындалуы үшін аймақтық билік пен Орхусс орталығы арасындағы серіктестікті кеңейтуге бағытталған бірқатар ұсынымдар дайындалды.
Аталған шара Орхусс Конвенциясының халықаралық стандарттарының Қазақстанда қолданылуын арттыруға бағытталған ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің көп жылдық жұмысының шеңберінде өтті.