ЕҚЫҰ Қазақстанда сандық бұқаралық ақпарат құралдары жөнінде конференцияны қолдауда
АЛМАТЫ, 17 наурыз 2015 ж. – Аналогтық хабар таратудан сандық түріне өту, аудио-визиялық контентты таратуға арналған жаңа технологиялық платформалар және сандық саладағы бизнес мәселелері бүгін Алматы, Қазақстанда басталған халықаралық конференциясының назарында болып табылады.
Екі күндік іс-шара Сорос-Қазақстан қорымен, АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігімен, Интерньюс-Қазақстан, сонымен бірге БАҚ-ын қолдау және дамыту қорымен ұйымдастырылып, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің қолдауын тапты. Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы мен Тәжікістаннан 100-ге жуық БАҚ, азаматтық қоғам және ғылыми ортаның өкілдері аймақтық ынтымақтастық, тәжірибемен алмасу мәселелерін талқылау және сандық заманда медиа-компанияларды басқару жөнінде тәжірибелік ұсыныстарын дамыту мақсатымен жиналды.
«Сандық заманда интернетті дамыту мен адам құқықтарын қорғау ЕҚЫҰ басымдықтарының қатарына жатады. Лайықты түрде сандық хабар таратуға өту, бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы мен ақпаратқа қол жетімділік құқығын қоса алғанда, адам құқықтарын қорғай алады», - деді ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы, Елші Наталия Зарудна. «Осы үрдіске қатысатын барлық тараптар, соның ішінде хабар таратушылар, продюсерлер, делдалдар мен тұтынушылар ассоциациялары ынтымақтастық орнатқан жағдайда, оның нәтижесі болып ой-пікірлер мен сөз бостандығын қорғайтын медиа кеңістік табылады».
Қазақстандағы Интерньюс өкілдігінің директоры Марат Биғалиев: «Тәуелсіз БАҚ-ның аймақтық ынтымақтастығын ілгері жетілдіруге бағытталған бұл конференция аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіпқойлығын арттыру мен олардың дамуының тұрақтылығына берік негіз қалауға көмектеседі», - деді.
Іс-шара Офистің сөз бостандығы мен ақпаратқа қол жетімділікті ілгерілету жөнінде ұзақ мерзімді қызметінің бөлігі болып табылады.