ЕҚЫҰ Астанада терроризмге қарсы күрес туралы талқылауды қолдайды
АСТАНА, 20 наурыз, 2015 ж. - Бүгін Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдаумен өткен халықаралық дөңгелек үстел барысында халықаралық терроризмнің қазіргі үрдістері және жастар арасында зорлық-зомбылықты экстремизм мен радикалдылыққа тартуды алдын алу деген тақырыптар талқыланды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы және «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің қолдауымен ұйымдастырды.
Шамамен 60 адам соның ішінде Парламент мүшелері, Қауіпсіздік Кеңес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, Ішкі істер министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ, діни істер, байланыс және ақпарат комитеттерінің аға лауазымды тұлғалары, ұлттық және халықаралық сарапшылар, республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері терроризмге әкелетін зорлық-зомбылықты экстремизм мен радикалдылықтың факторларын және оларды тиімді шешу жолдарын қарастырды.
Нидерланд және Италиядан келген сарапшылары террористік жауынгерлердің себептері мен әдістері, әсіресе Ирак және Левант ислам мемлекетке назар аудара отырып, террористік мақсаттарында интернетті пайдалану, соңғы лаңкестік шабуылдарға байланысты құқық қорғау органдардың қабылданған әрекеттерін талдау, адам құқықтары мен заң үстемдігін ескере отырып жастар арасында экстремистік топтардың зорлық-зомбылық насихаттауға қарсы әрекет туралы зерттеу ұсынды.
Терроризм проблемасы кез келген дербес елмен немесе мекемемен тиімді шешілуі мүмкін емес» деді Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы Елші Наталия Зарудна. «Азаматтық қоғам, заңды қоғамдастық, БАҚ, құқық қорғау органдары мен білім беру мекемелері арасындағы көпжақты ынтымақтастық нығайту маңызды болып табылады. Бұл терроризм қаупін азайту үшін ғана емес, сонымен бірге адамдарды, әсіресе жастарды, зорлық-зомбылық экстремистік идеологияның әсерінен және оның салдарынан қорғау үшін маңызды .
Парламент мүшесі және «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің төрағасы Нұрлан Әбдіров: «Терроризмге қарсы күрес алдын алу және проблеманың себептерін анықтаудан басталады. Осы орайда, біздің негізгі күш-жігеріміз қоғамның жастарын қорғау және құтқару мәселесі болып табылады. Бұл Президент Назарбаев қойған Қазақстан дамуының стратегиялық құжаттарында стратегиялық мақсаттарына сай келеді», - деді.
Талқылау нәтижесінде, қатысушылар терроризмге қарсы іс-қимыл және алдын алу жөніндегі азаматтық қоғаммен ынтымақтастықты нығайту мақматында Парламент, мемлекеттік және аймақтық билікке ұсыныстар топтамасын әзірледі.
Іс-шара адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын ескере отырып терроризмге әкелетін зорлық-зомбылықты экстремизм мен радикалдылыққа қарсы әрекеттерде қабылдаушы елге қолдау көрсетудегі ЕҚЫҰ-ның бағдарламалар офисінің көпжылдық күш-жігерінің құрамдас бөлігі болып табылады.