ЕҚЫҰ Қазақстандағы қатыгез іс-әрекет құрбандары үшін арнайы әлеуметтік қызметтер стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізуге қолдау көрсетуде
2015 жылы 19 наурызда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің қолдауымен адамды саудаға салудан зардап шеккендер үшін әлеуметтік қызметтер стандарттарын әзірлеу мақсатында құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Ішкі істер, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым министрліктерінің, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерінен құралған топтың шамамен 20 мүшесі қолданыстағы ұлттық заңнамаға сәйкес қатыгез іс-әрекеттен зардап шеккендерге арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарының жобаларын талқылайды.
Атап айтқанда, олар мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар тарапынан құрбандарға қажетті, соның ішінде медициналық, психологиялық, экономикалық көмекті және заң қызметтерін тиімді көрсетуге мүмкіндік беретін икемді құрылым әзірлеу мәселелерін қарастыратын болады.
Сондай-ақ, топ мүшелері адам саудасы құрбандарын анықтау және оларды тиісті қорғаумен және қолдаумен қамтамасыз етудің нәтижелі жүйесін құруда Сербияның тәжірибесін зерттеу үшін Астанадағы Бағдарламалар офисінің қолдауымен таяуда Белградқа барып қайтқан қазақстандық делегация сапарының қорытындыларын ескеретін болады.
Отырыс қабылдаушы елге және азаматтық қоғамға адам саудасына қарсы әрекет етуде және оны болдырмауға көмек көрсетуде, сондай-ақ қатыгез іс-әрекет құрбандарына әлеуметтік қызметтер ұсынуда қолдау бойынша Офистің көп жылғы қызметінің шеңберінде өткізілуде.