ЕҚЫҰ-ның бағдарламалар офисі судьяларға адам саудасына қарсы әрекет етуді оқытуды жалғастыруда
АСТАНА, 4 ақпан 2015 жыл – Бүгін Астанада 2015 жылға жоспарланған адам саудасымен күрес бойынша алдыңғы қатарлы заңнамалық және сот іс жүргізу тәжірибесі жөніндегі судьяларға арналған екі күндік алты оқыту семинарларының біріншісі басталды.
Семинарды ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі Мемлекеттік басқару академиясымен, Жоғарғы сотпен және Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігімен ынтымақтастықта ұйымдастырды. Ұлттық және халықаралық сарапшылар облыстық соттардың шамамен 30 жоғары қызметтегі судьяларды адам саудасының құрбандарын сотта қорғауды жетілдіру үшін қолданыстағы ұлттық заңнамамен және халықаралық құқықтық құралдарды қолданумен таныстырады.
Қатысушылар адам саудасымен байланысты сотта дәлелдеу проблемаларын қарастырады, адам саудасы құрбандарын анықтау мақтасында соттарда қолданыстағы үдерістер мен тәжірибені және адам саудасы құрбандарын қайта бағыттау бойынша халықаралық тетіктерді талқылайтын болады. Жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексіне адам саудасына қатысты енгізілген өзгерістерге ерекше назар аударылады. Сонымен қатар құқық қорғау, сот органдары мен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту тәсілдері талқыланатын болады.
«Адам саудасымен байланысты қылмыстық істер бойынша сот практикасын талдау, - бұл қабылданатын сот шешімдерінің сапасын жақсартудың тиімді тәсілі», – деп атап өтті Мемлекеттік басқару академиясының Сот әділдігі институты директорының орынбасары Серік Қаржаубаев. «Семинарлар мұндай қылмыстық істерді қарау кезінде судьялардың кәсібилігін айтарлықтай жоғарылатуға және қате түсінік берулерді болдырмауға көмектеседі».
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы, елші Наталия Зарудная: «Заң үстемдігі мұндай қылмыстық істер бойынша тиімді тергеу мен жазалауды қамтамасыз етуде негізгі элемент болып табылады. ЕҚЫҰ қылмыстық және әкімшілік істер бойынша кәсіби машықтарды жетілдіруге бағытталған және қатыгездік құрбандарына құқықтық көмек көрсетуге жәрдемдесетін семинарлар өткізу арқылы Қазақстанда адам саудасымен күресу және оны болдырмау бойынша қабылданатын шараларға қолдау көрсетеді».
Бұл іс-шара қабылдаушы елге адам саудасымен күрес және ЕҚЫҰ-ның адам саудасымен күрес Іс-әрекет жоспарын іске асыруға қолдау көрсету жөніндегі Офистің ұзақ мерзімді күш-жігерінің шеңберінде өткізіледі.