ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанда ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі кездесуді бірлесіп ұйымдастыруда
ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы Қазақстан, Алматыда 2014 жылы 8 желтоқсанда өткен Ақпаратқа қол жеткізу құқығы жөніндегі азаматтық қоғам коалициясының үйлестіру кеңесіне қолдау көрсетті. Кездесудің мақсаты – қолданыстағы ұлттық заңнаманы талқылау және халықаралық стандарттарға сәйкес ақпаратқа қол жеткізу туралы заңды әзірлеуге және оны қабылдауды одан әрі қолдау.
Іс-шараны ЕҚЫҰ Орталығы «Интерньюс Казахстан» үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп Әділет министрлігі мен Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігінің, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету агенттігінің 40 қызметкерлері үшін ұйымдастырды. Іс-шараға медиа бірлестіктің және халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қатысушылар Коалиция үкіметпен және парламентпен, БАҚ дамытуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған маңызды аспап ретінде ақпаратқа қол жеткізуді одан әрі дамытуда қалай ынтымақтаса алатынын талқылады. Мемлекеттік мекемелер мен азаматтық қоғам ұйымдары үшін Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі іс-әрекеттер жоспарына сәйкес осы мақсатқа қалай жету туралы ұсынымдар тізімін дайындалатын болады.
Іс-шара Қазақстанның және оның құқықтық реформасын қолдауға бағытталған Орталықтың ұзақ мерзімді жұмысы, сондай-ақ сөз бостандағын дамыту және сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу мақсатында әлеуетті өсіру жұмысы шеңберінде жүргізіледі.
Ақпаратқа қол жеткізу құқығы жөніндегі коалиция 2013 жылы құрылды.