ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанда құжаттар қауіпсіздігі мәселелері жөнінде полиция офицерлерін оқытуда
![](https://www.osce.org/files/imagecache/10_large_gallery/f/images/hires/4/4/127356.jpg?1600442833)
Құжаттар қауіпсіздігі мәселелері және жалған құжаттарды табудың озат әдістері жөнінде полиция офицерлеріне арналған төрт күндік оқу семинары 2014 жылы 24 қарашада Қазақстан, Қарағанды қ. ЕҚЫҰ қолдауымен басталды.
Қарағанды облысының 30 полиция офицеріне арналған іс-шараны ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы Ішкі істер министрлігімен (ІІМ) және ІІМ Академиясымен ынтымақтастықта ұйымдастырды.
Семинарды Грузия мен Словакиядан келген халықаралық сарапшылар өткізіп, жалған жол жүру құжаттарын жасау, бақылау құжаттарды жасаудың негізгі қағидаттарын, құжаттар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полимерлі субстракттарды пайдалану, баспаның дәстүрлі техникасы мен баспаның сандық технологиялары арасындағы айырмашылықтарды қоса алғанда халықаралық құжаттар қаупсіздігі саласындағы озат тәжрибемен бөліседі. Сонымен қатар қатысушылар төлқұжаттар жасауға дайындық рәсімдерін, машинамен оқитын құжаттарды, деректер кодын ашу жүйелерін, ламинирлеу қорғаныс элементтерін, жалған аттыларды тексеру, биометриялық сәйкестендіргіштерді және тактикалық бейіндеуді үйренеді. Бұдан басқа, семинарға қатысушылар Австрияның Ішкі істер министрлігі әзірлеген құжаттар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі нұсқаулықтар кітабын алады.
Семинар Қазақстанда ЕҚЫҰ шекараларының қауіпсіздігі тұжырымдамасын дамыту жөніндегі Орталықтың ұзақ мерзімді жұмысының аясында жүргізіледі.