ЕҚЫҰ орталығы полицейлерге Қазақстанда көпшілік жиналыстар өткізу кезінде жағдайды басқаруды үйретуде
АСТАНА, 11 желтоқсан 2014 ж. – Бүгін Астанада көпшілік жиналыстар өткізу кезінде жағдайды басқарудың озат тәжірибесі мәселелері бойынша полиция офицерлері үшін екі күндік оқыту семинары басталды.
Армения және Ұлыбританияның, ЕҚЫҰ-ның Трансұлттық қатерлерге қарсы әрекет ету департаментінің/Полиция қызметінің стратегиялық мәселелері бөлімінің сарапшылары елдің барлық өңірлерінің әкімшілік полиция департаменттерінің орта және жоғары лауазымды 22 офицерін көпшілік жиналыстар мен іс-шараларды басқарудың халықаралық стандарттары мен құқықтық негіздері туралы хабардар етеді.
Сарапшылар әртүрлі іс-шаралар барысында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі полиция рөлін, тобырды басқаруға және келісіп әрекеттесуді ынталандыруға арналған алдын ала сақтандыру стратегиялары мен де-эскалация тактикасын қарайды. Сонымен қатар, тәртіпсіздік жағдайында уақытша соққы беру қаруын пайдалану қағидалары үйретіледі. Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрме тұрғысынан полиция жұмысының практикасына талдау жүргізіледі.
«Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы демократиялық дамудың ажырымас бөлігі болып табылады және Қазақстан Конституциясы оған кепіл», - деп атап өтті ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының басшысы, Елші Наталия Зарудна. «ЕҚЫҰ полиция офицерлерін барлық адамдардың қауіпсіздігі мен адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін тиісті түрде шектелген, өлшеулі және күшті барынша аз пайдалануға пропорционалды әдістер көмегімен көпшілік жиналыстарды және іс-шараларды басқару мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін олардың оқутылуын қолдайды».
Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті бастығының орынбасары Қайрат Мұхитов былай деді: «Полиция офицерлері жақсы даярланған және қоғамның белгілі мәселелерге сезгіш қатынасын ескере отырып әрекет ету үшін білімі мен машықтары болу үшін арнайы оқудан өтуге және басқа да кәсіби қолдау алуға тиіс. Табысты демократиялық және полиэтникалық қоғам құруда қоғамдық мүдделеріне қызмет ету үшін полиция қоғамдық бірлікті күшейтуді ынталандыруға және әлеуеметтік шиеленісті төмендетуге дайын болуы тиіс».
ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы мен Ішкі істер министрлігі Германия Федералды Сыртқы істер министрлігінің қаржылық қолдауымен ұйымдастырған іс-шара қауіпсіздікті арттыру, жауапкершілікті күшейту және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің озат тәжірибе саласында білімін әрі қарай жоғарылатуға Орталық жұмысының бір бөлігі болып табылады.