Адам құқықтарының Халықаралық күні Қазақстанда ЕҚЫҰ қолдауымен өткен студенттер форумының өткізілуімен белгіленді
АЛМАТЫ, Қазақстан, 10 желтоқсан 2014 жыл – Адам құқықтарының халықаралық күніне орай бүгін Алматыда басталған «Өзгеріс әлеміндегі адам құқықтарын қорғау» атты жылдағы заң факультеттері студенттерінің сегізінші форумы барысында адам құқықтарын қорғаудың әр алуан аспектілері талқылаудан өткізіледі.
Іс-шараны Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы және Каспий қоғамдық университеті бірлесіп ұйымдастырды.
Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясынан жиналған 70 жуық студенттер, ғылыми қауымдастық өкілдері, қоғам белсенділері және қызметтегі заңгерлер қазіргі кездегі халықаралық құқықтың дамуы мен адам құқықтары және негізгі бостандықтарды қорғаудағы ұлттық тетіктердің нәтижелілігі мәселелерін талқылайды. Олар төзімділікке байланысты және кемсітушіліктің заң жүзінде тыйым салынуына қатысты тақырыптарды қарастырып, сонымен қатар интернет кеңістігінде ой-пікір бостандығы жайлы журналистика саласындағы жергілікті сарапшылар тобымен ой бөліседі.
Конференция қорытындылары бойынша 60 студенттердің тарапынан дайындалған адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық құқық және осал топтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тәжірибелік аспектілері тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмыстар байқауының жеңімпаздары анықталады.
«ЕҚЫҰ өз жұмысында жастар мәселелері, жастардың және жастар ұйымдарының әртүрлі бағдарламалар мен жобларға қатысу мәселелеріне ғана назар аударып қоймайды. Сонымен қатар біз аймақ болашағына, оның алдында тұрған қиындықтар мен қауіп-қатерлерге қатысты және бірегей құндылықтар мен қағидаларға негізделген Ванкувер мен Владивосток арасындағы барлық кеңістіктегі ынтымақтасу арқылы болашақ қауіпсіздік құрылымына байланысты пікір бөлісуге жастарды белсене араластырамыз», - деп ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының басшысы, елші Наталия Зарудная атап өтті.
Жолдасбек Нүсенов, Каспий қоғамдық университетінің ректоры: «Қазіргі кезде әділеттілік, толеранттылық және адам құқықтары идеялары өзінің ілгері дамуын қажет етеді, және жастарды бұл сұрақтарды талқылауға белсенді араластыру қуанттарлық жағдай болып табылады»,- деді.
Іс-шара ЕҚЫҰ-да 2014 жылғы швейцариялық төрағалылық пен 2015 жылғы сербиялық төрағалылық басымдықтарына сәйкес, Қазақстанда адам құқықтарын қорғауға қатысты диалогқа жастарды қатыстыруға қолдауға байланысты Орталық қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.