ЕҚЫҰ орталығы Қазақстандағы органикалық егін шаруашылығы мен «жасыл» экономика мәселелерін талқылау жүргізуде қолдау көрсетеді
АСТАНА, 24 қараша 2014 жыл – Бүгін ЕҚЫҰ қолдауымен Астанада дөңгелек үстел аясында «жасыл» технология мәселелерін, соның ішінде органикалық егін шаруашылығына аса ерекше көңіл бөлген талқылау басталды.
Шараны ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясымен тығыз ынтымақтаста, Парламенттің және мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ, барлық аймақтардан келген бизнес бірлестіктерінің, оқу орындарының және мемлекеттік емес ұйымдарының 30 өкілдеріне ұйымдастырылған.
Қатысушылар Ресей Федерацияның халықаралық сарапшылармен бірге вермикультивирлеудегі (құрттардың көмегімен биогумусты өндіру) соңғы технологияларды және органикалық тыңайту әдістерін, тиімді органикалық егін шаруашылығына арналған негізді орнатуды талқылады. Сондай-ақ, агробизнесті ынталандыру және нәтижелі егін шаруашылық үшін заңи негізін анықтаудағы мемлекеттің мәні талқылады. Шара нәтижесі бойынша нақты ұсыныстар жасалады.
«Қазақстанда дақылдарды дәстүрлі күтіп-баптау табиғи өсімдік бетін жоюға әкеледі, бұл эрозиядан жерді қорғауды төмендетуге әсер етеді және минералдану процесін жылдамдатады. Бұл топырақ құнарлығының және жалпы өнімнің апатты төмендеуінің негізгі алғышарттарының бірі болып табылады», - деді елші Наталья Зарудна, ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы. «Вермикультивирлеу технологиясын және биогумусты енгізу осы мәселені шешуге көмектесе алады. Дөңгелек үстел өткізудің негізгі мақсаттының бірі қоғамда егін шаруашылығын қолдау және нығайту болып табылады».
«Жасыл» экономиканың бір бағыты экологиялық үйлестірілген экономикалық даму, соның ішінде органикалық егін шаруашық негізіндегі ауыл шаруашылықтың жоғары өндірісі болып табылады. «Жасыл» экономикаға өтудің ұлттық концепциясы, сонымен қатар Органикалық егін шаруашылығы туралы заң жобасы Қазақстандағы қағидаттарды тиімді іске асыруға ықпалдастық етеді», – деді ҚР Парламент мүшесі, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалиция басқарма төрайымы Айгүл Соловьева.
Шара «жасыл» экономиканың өсуін қолдауға және тұрақты дамуға бағытталған Орталықтың ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі болып табылады.