ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігінің жаңа моделін талқылауға қолдау көрсетуде
21 қараша 2014 жылы ЕҚЫҰ қолдауымен Алматыда ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында қылмыстық пен әкімшілік сот төрелігінің жаңа моделіне көшуді жүзеге асыруға қатысты талқылау өткізілді.
ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы мен Бас прокуратура іс-шараны Құқықтық саясатты зерттеу жөніндегі жергілікті сараптамалық орталық пен Ұлыбританияның Астанадағы елшілігінің қолдауымен бірлесіп ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысына 70 жуық қатысушы, оның ішінде Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураның жоғары лауазымды өкілдері, парламент депутаттары, адвокаттар, құқықтанушы-ғалымдар және үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Талқылау таяуда қабылданған Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстері мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерімен байланысты ең маңызды құқықтық өзгертулерге арналды. Қатысушылар сонымен қатар кінәсін мойындау бойынша ымыраға келуді, тергеу судьясы институтын және кепілзат бойынша босатуды енгізуге қатысты қылмыстық іс жүргізу заңнамасындағы олқылықтарды алып тастау мәселелерін талқылаудан өткізді. Заңға тәуелді актілер мен нормативті ережелерді дайындау жөніндегі ұсыныстар және қылмыстық пен әкімшілік сот төрелігнің кодекстеріне түсініктемелер зерттелуден өткізілді. Қылмыстық кодекстің адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын, оның ішінде бірігу бостандығы және пікір мен сенім бостандығы құқықтарын қозғайтын ережелеріне және олардың халықаралық міндеттемелерге сәйкестілігі мәселесіне айрықша назар аударылды.
Іс-шара Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігі жүйесін реформалауға қолдау көрсету шеңберіндегі Орталықтың ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.