ЕҚЫҰ орталығы Тұңғыш қазақстандық су форум өткізуді қолдайды
АЛМАТЫ, 2014 жылдың 4 қарашасы – Бүгін Алматыдағы Қазақстан-Неміс университетінде Тұңғыш ұлттық су ресурстарын тиімді басқару және үкімет, университет және өнеркәсіп арасында ынтымақтастық орнату жөніндегі форум басталды.
Іс-шараны ҚР Сырты істер министрлігінің қолдауымен, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы Қазақстан-Неміс университетімен бірлесіп ұйымдастырды. Форумға бүкіл ел бойынша орталық және жергілікті билік органдарынан, университеттерден, ғылыми ұйымдар мен іскерлік орталардан, сонымен қатар халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардан келген 80-ге жуық өкіл, соның ішінде халықаралық және аймақтық қаржы ұйымдары мен даму агенттіктерінің жоғары қызметтегі лауазымлы тұлғалары қатысуда.
БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясынан, Бүкіләлемдік банктен, Еуропалық комиссиядан, USAID, Еуропа қайта құру және даму банкінен, Герман ынтымақтастық агенттігінен (GIZ), Халықаралық Аралды құтқару қорынан және Орталық Азияның Аймақтық экологиялық орталығынан өкілдік етіп келген қатысушылар, сонымен қатар мемлекеттік билік өкілдері, жетекші ғылыми қызметкерлер мен сарапшылар су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және осыған байланысты туындайтын әртүрлі мәселелерді шешуге бағытталған өздерінің бағдарламалық қызметтері туралы ақпараттар алмасты. Мұнымен қоса, олар академиялық және іскерлік орта өкілдерін аталған бағыттағы заманауи халықаралық тәжірибемен және озық технологиялармен таныстырды. Қазақстанның жетекші он университетінің студенттері жеке меншік компаларға арнайы ұйымдастырылған көрме үшін әзірленген су ресурстарын тиімді басқару жөніндегі 20 жобасын ұсынды.
«Қауіпсіздікті бірлесіп қамтамасыз ету шеңберінде су ресурстарын басқару алдағы уақытта Сербияның 2015 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің басым бағыттарының бірі екендігі анықталды. Бұл ретте, Қазақстанда 2015 жыл Су жылы деп жарияланды», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы Елші Наталья Зарудна. Ол өз сөзін жалғастыра келе, «Біз мұны су ресурстарын бірлесіп басқаруды келешекте алға жылжыту және заманауи халықаралық тәжірибе, нормалар мен стандарттар негізінде аталған салада ұлттық және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігі ретінде қарастырамыз», - деді.
Су ресурстарын бірлесіп басқаруға бағытталған бұл «Үкімет – Университет – Өнеркәсіп» форумы арқылы біз «теорияны» «тәжірибемен» біріктіруге арналған тұрақты платформа құруды жоспарлап отырмыз, мұндағы «теория» ғылыми-зерттеу секторын, соның ішінде академиялық институттарды көрсетсе, «тәжірибе» мемлекеттік сектор мен жеке секторды көрсетеді», - деді Қазақстан-Неміс университетінің президенті, профессор Йоханн Герлах.
Осыған байланысты, Форумға қатысушылар Ақпараттар алмасу, ғылыми-зерттеу қызметін қолдау және су ресурстарын басқару саласында жас мамандарды жұмысқа тұрғызу мүмкіндіктерін ұсыну мақсаттарында ынтымақтастық платформасын құру туралы Мемлекет, университет және жеке сектор өкілдері арасындағы өзара түсіністік меморандумына қол қояды деп күтілуде.
Іс-шара Орталықтың СРБҚ жағдай жасау және су ресурстары мәселелері бойынша трансшекаралық диалог орнатуға бағытталған қызметі аясында өткізілуде.