ЕҚЫҰ Орталығы болашақ энергия тақырыбына арналған форумды қолдауда
АСТАНА, 23 қазан 2014 ж. – Бүгін Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық аясындағы «Болашақ энергиясы: шығарылатын СО2 мөлшерін азайту» атты халықаралық форум өз жұмысын бастады.
ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының қолдауымен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясымен өткізіліп жатқан екі күндік форум әртүрлі елдердің үкіметтері мен парламенттерінің, іскерлік және ғылыми қоғамдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың атынан 500-ге жуық қатысушыны жинады.
Бельгиядан, Франциядан, Польшадан, Қазақстаннан, Ресейден, Оңтүстік Кореядан, Испаниядан, Швейцариядан, Таиландтан, Біріккен Араб Әмірліктерінен, АҚШ пен Украинадан келген сарапшылар, сондай-ақ Халықаралық көрмелер бюросының, БҰҰ Азия мен Тынық мұхит үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының, Жаханды жасыл даму институтының, Халықаралық энергетика агенттігінің және Халықаралық қолданбалы жүйелі сараптама институтының өкілдері болашақ энергиясының әртүрлі қырларын қарастырады.
Шара энергия үнемдеу, энергетикалық кауіпсіздік, жаңартылатын энергия көздері, климаттық өзгерістер, энергетикалық технологияларды экономикалық дамуды жеделдету үшін пайдалану және экологиялық қауіпсіздікті нығайту салаларындағы, сонымен қатар ғылым мен инновациялардың бүкіл әлемде тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлін талқылаудағы халықаралық тәжірибе бөлісетін платформаны қамтамасыз етуіне бағытталған.
«Форум нәтижесінде қабылданған резолюция, тек Қазақстан ғана үшін емес, бүкіл еуразиялық өңірге маңызы зор жасыл идеялар мен технологиялардың трансферт бастамасын іске асырудағы іс-шаралар жоспарының негізі болады», – деп атап өтті Энергетика министрі Владимир Школьник.
ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының Басшысы, Елші Наталия Зарудна: «Болашақ энергия тақырыбына арналған форум Қазақстанның тұрақты даму мен экологиялық қауіпсіздікті нығайтудағы күш салысуының келісілгенін дәлелдейді. ЕҚЫҰ пайдаланылған газдардың тастандыларын ерікті түрде азайту және жасыл өсім қағидаттарын енгізу туралы Қазақстанның шешімін қолдап, мұндай маңызды істе елге қолдан келгенше көмек көрсетуге дайын екендігін білдіреді», - деді.
Аталмыш шара ЕҚЫҰ Маастрихт стратегиясы бойынша міндеттемелерінің ұстанымдары мен мақсаттарына сәйкес, «жасыл» экономика қағидаттарының және тұрақты дамуды ілгері жылжытуға бағытталған Орталықтаң бұған дейінгі шараларының жалғасы болып табылады.