ЕҚЫҰ Орталығы қылмыстық сот төрелігінің жаңа үлгісіне көшу тақырыбындағы семинар-кеңестің жұмысын қолдауда
2014 жылдың 13 және 15 қазан аралығында ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының қолдауымен өткен үш күндік семинар барысында Қазақстандағы жүргізіліп жатқан қылмыстық сот төрелігі реформасы шеңберіндегі құқықтық жүйенің тиімді қызметі, құқық қолдану тәжірибесі мен заңнаманың дамуы мәселелері талқыланды.
80 жуық қатысушының, соның ішінде Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, Жоғарғы сот, ішкі істер, әділет, прокуратура органдары өкілдерінің және ғалым-сарапшылардың қатысуымен өткен іс-шараны Орталық пен Бас прокуратура бірлесіп ұйымдастырды. Елдің барлық аймақтарындағы 300 астам прокуратура қызметкерлері семинарға видеоконференция арқылы қатысты.
Талқылау қылмыстық-атқару кодексі мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерінің жаңартулары тақырыбында және жаңа құқық қағидаларын ойдағыдай іске асыру мақсатында құқық қорғау органдарының тарапынан қолданылатын шаралар топтамасы шеңберінде жүргізілді.
Түрмеден кейінгі бақылау мен сотталғандардың әлеуметтік оңалтылуы, қылмыстық және әкімшілік санкцияларды қолдану жөніндегі құқық қорғаушылардың құзыреті және пенитенциарлық мекемелердің жаңадан жіктелуіне байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды. Талқылау барысында сонымен қатар қамауға баламалы болатын жазалаудың түрлерін кең қолдану мен тиімді пробация қызметін құру маңыздылығы туралы айтылды.
Сондай-ақ, кіші бизнеске салынатын айыппұллды төмендету ережелері, әкімшілік тұтқындау және жазаны мойындау кезіндегі әкімшілік рәсімдерді жеңілдету сұрақтары туралы да сөз қозғалды.
Орталық қолдауымен прокуратура қызметкерлері үшін қылмыстық сот төрелігінің жаңа үлгісіне қатысты семинар-тренинг екінші рет ұйымдастырылды. Алғашқы іс-шара Астанада қыркүйек айында аймақтық прокуратуралардың 1000 астам қызметкерінің видеоконференция арқылы қатысуымен болды. Іс-шараның екеуі Орталықтың Қазақстанда сот төрелігі жүйесі реформасын қолдаудағы ұзақ мерзімді жұмысының аясында өткізілді.