ЕҚЫҰ Орталығы трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреске арналған аймақтық семинарды қолдайды
АСТАНА, 11 қыркүйек 2014 ж. - Бүгін Астанада трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық практикалар бойынша екі күндік аймақтық семинар басталды.
Шараға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікістан мен Украинаның шамамен 40 кеден қызметкерлері қатысып, өз елдерінің тәжірибелерімен алмасады. Шара ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірісі комитеті мен АҚШ елшілігінің бірлесуімен ұйымдастырылды.
Cондай-ақ, қатысушылар Грузия мен Орталық Азия аймақтық есірткі заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі ақпараттық үйлестіру орталығының халықаралық сарапшылардандан осы саладағы алдыңғы қатарлы практикалармен танысады. Интерактивтік жаттығу барысында кеден қызметкерлері күнделікті жұмысында кездесетін нақты жағдайлар көрсетіледі.
«ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттерді трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы, соның ішінде ұйымдасқан қылмыстармен табанды күресуге шақырады», - деді елші Наталья Зарудная, ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы. «Өйткені ұйымдасқан қылмыс ұлттық шеқалардың шеңберінен шығатын жағдайлар туғызады, сондықтан мемлекеттер күштерін бірлестіруі керек. Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреске қатысушы мемлекеттердің органдарының бір бірімен тығыз келіскен әрекеттерінің арқасында ғана халықаралық қогамдастық осы қауіп-қатермен пайдалы күресе алады», - деп қосты.
Мұратжан Жанғозин, Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірісі комитетіндегі оқу-әдістемелік орталығының басшысының орынбасары мен полковнигі алдыңғы қатарлы тәжірибе алмасу мен халықаралық ынтымақтастық арқылы семинар қатысушылары тиісті тақырыптар бойынша өздерінің білімдерін толықтырды. Бұл трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес үшін қажетті.
Семинар ЕҚЫҰ Орталығының Қазақстанның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресуінің қабілеттілік көтерілуіне бағытталған көп жылдық қызметінің бөлігі болып табылады.