ЕҚЫҰ орталығы Астана қаласында өтетін Экспо-2017 қарсаңында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі форумды қолдайды
Щучинск-Бурабай демалыс аймағында қоршаған орта жағдайларын жақсартуға қоғамның қатысу рөліне арналған Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығының қолдауымен екі күндік форум Қазақстан астанасының қасында Бурабай курортында 2014 жылдың 31 шілдесінен 1 тамызына дейінгі аралықта өтті.
Форум Щучинск-Бурабай ауданының жергілікті әкімшілігінің 40 астам өкілдері, ғалымдарды, кәсіпкерлерді, сарапшыларды және азаматтық қоғам белсенділерін бірге жинады. Форум Астанада жоспарлаған Экспо-2017 әлемдік көрме шараларының біразы өтетін осы аудандағы қоршаған ортаның сауалдары бойынша ашық пікірталасты қолдауды көздеді.
Осы аудандағы қоршаған орта сауалдары туралы қоғамды хабардар ету, қоршаған ортаның қауіпсіздігі бойынша жергілікті билік пен азаматтық қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсарту және ауданды ұлттық және халықаралық туристік назар аударарлық орын ретінде дамыту жолдары қатысушылардың басты назарында болды. Сонымен қатар Экспоға дайындық барысында жергілікті университеттер мен зерттеу орталықтары әзірлеген пилоттық жобалардың жеке көрмесі ашылды.
Осы оқиға Бурабай Орхус орталығы және Щучинск-Бурабай аудандық әкімшілігімен серіктестікте ЕҚЫҰ Орталығымен бірлесе ұйымдастырылды.
Бұл шара ақпаратқа, қоғамның шешімдерді қабылдауға қатысуға қол жетімділігі және қоршаған ортаға қатысты сауалдар бойынша сот төрелігіне қол жетімділік туралы Орхус конвенциясын енгізу бойынша Орталық қызметінің бөлігі болып табылады және бүкіл елде тиісті экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізу жөніндегі ЕҚЫҰ стратегиясын көрсетеді.