ЕҚЫҰ Қазақстанда адам саудасына байланысты істерге тергеу жүргізу бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған семинарды қолдауда
Адам саудасына қарсы күрес және оған қатысты тергеу жүргізудің әдіс-тәсілдері бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған екікүндік оқыту семинары 2014 жылы 8-9 тамыз аралығында Алматыда өткізілуде.
Семинарға 30 астам қатысушы, соның ішінде адам саудасы құрбандарымен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және Беларусь пен Италиядан келген халықаралық сарапшылар жиналды. Семинар жұмысына Косоводан келген сарапшы да қатысуда. Қатысушылар қазіргі құлдықтың барлық түрлері және оның құрбандарын қорғау саласындағы, сонымен қатар адамның ішкі мүшелерінің саудасын алдын алу мен онымен күресу саласындағы заңнамалық және алдыңғы қатарлы іс-тәжірибемен танысады.
Семинарды ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы Қазақстанның ішкі істер министрлігімен және АҚШ Астанадағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шара адам саудасын алдын алу мен онымен күресу аясында Қазақстанға көмек көрсетудегі Орталықтың күш-жігер салуының құрамдас бөлігі болып табылады.