ЕҚЫҰ террористік мақсаттарда жарылғыш заттарды пайдалануға қарсы әрекет етуде мемлекеттік–жеке меншік серіктестік туралы семинарға қолдау көрсетуде
АСТАНА, 10 маусым 2014 ж. – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен жарылғыш материалдарға жақсырақ бақылау жүргізу арқылы террористік мақсаттарда жарылғыш заттарды пайдалануға қарсы әрекет ету бойынша дөңгелек үстел өтті. Шараны ЕҚЫҰ трансұлттық қауіптер департаменті, Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы орталығы және ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы бірлесіп, Лихтенштейн мен Испания үкіметтерінің қолдауымен ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел Қазақстанның терроризмге қарсы орталығы, төтенше жағдайлар қызметі, Қорғаныс министрлігі мен жеке меншік сектордың 25-ке жуық өкілдері арасында терроризмге қарсы халықаралық-құқықтық база мен Терроризммен күрес туралы конвенция шеңберінде алдын алу шараларын жақсырақ іске асыру мақсатында ақпараттылықты арттыруға бағытталған. Бельгия, Испания, Ұлыбритания және БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының сарапшылары нарықта заңды жарылғыш заттар мен кең танымал жарылғыш химиялық прекурсорларға тиімді бақылау жүргізу мақсатында құқықтық және практикалық құралдар мен механизмдерді қолдануда өздерінің тәжірибелерімен бөлісетін болады.
Талқыға салынатын тақырыптар қатарында терроризммен күрестің әмбебап құқықтық базасы, өнеркәсіп пен бизнесте жарылғыш заттарды, жарылғыш прекурсорларды заңды түрде пайдалану, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында тыңайтқыш және басқа да химиялық заттарды қолдану, сонымен қатар терроризмді тиімді алдын алу мен күресте мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті пайдалану бар. Семинардың аяқталуына қарай қатысушылар аталған облыстарда қауіпсіздікті нығайту мақсатында Қазақстан одан әрі қандай әрекеттер жасай алатындығы туралы ұсыныстар тізімін дайындайды.
Мануэль Ларротча Парада, Испанияның Қазақстандағы елшісі өзінің кіріспе сөзінде терроризмнің қауіп ретінде әлемдік сипатын баса айтты. Ол халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі мен терроризмді алдын алу мен күрес кезінде негізгі бостандықтарды қорғауды атап өтті.
«Бұл трансұлттық сипаттағы проблема болып табылады және оны біздің барлық елдеріміздің күш салуында ғана шешуге мүмкіндік туады», - деді Кендебай Адамбеков, Терроризмге қарсы орталықтың басшысы.
«Алдын алу - террористік актіден аулақ болудың басты элементі», – деді Мануэль Марион, ЕҚЫҰ Хатшылығының трансұлттық қауіптер департаментінің Бағдарламалық аға офицері. «ЕҚЫҰ ықтимал террористік актті алдын алу мен күрес бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестік құруды табанды қолдайды».
Бомбалық терроризм туралы конвенция террористік актілерді қылмыстар қатарына жатқызатын 19 әмбебап терроризмге қарсы құралдардың бірі болып табылады. Келісімнің ресми атауы «Бомбалық терроризммен күрес туралы халықаралық конвенция» болып табылады және ол террористердің бомбаларды пайдалану үшін құқықтық жауапкершілікті көздейді және осындай шабуылдарды дайындауды алдын алу мен күрес бойынша барлық практикалық шараларды қабылдау мақсатында тараптарды өзара қызмет етуге міндеттейді.
Шара терроризмге қарсы күрес бойынша жаһандық күш салуда ЕҚЫҰ-ның кешенді үлесінің бөлігі болып табылады.