ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы сенім және қауіпсіздік шаралары бойынша оқу курсын өткізуде
АСТАНА, 3 маусым 2014 ж. - Бүгін Астана қаласында сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары бойынша 2011 жылғы Вена құжатының іс жүзіндегі қолданысы бойынша әскери қызметкерлерге арналған оқу семинары басталды. ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы төрт күндік шараны Қазақстанның Қорғаныс министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинар барысында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменістан, сонымен қатар Армения, Беларусь, Франция, Германия, Венгрия мен Моңғолия елдерінің 40-қа жуық әскери қызметкерлері Құжат баптарының аймақ пен одан тыс елдерде іс жүзінде қолданылуын қамтамасыз ету мен осыған орай ЕҚЫҰ-ның кезіктіретін мәселелерін шешу жолдарын талқыға салады. ЕҚЫҰ қақтығыстарды алдын алу орталығының өкілі Вена құжатының іске асырылу шаралары туралы баяндаманы ұсынады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы Қару-жарақтың қысқартылуын бақылау және инспекциялық қызметті қамтамасыз ету орталығының бастығы, полковник Амангелді Әубәкіров: «Біздің семинардың мақсаты Вена құжатының баптары туралы ақпаратты арттыру болса да, біз үшін қатысушылардың «транспаренттілік» пен «ашықтық» сөздерінің синониміне айналған «Вена құжатының рухын» ұғынуы өте маңызды болып табылады», - деді.
«ЕҚЫҰ 2011 жылғы Вена құжаты шеңберінде аймақ елдерінің әскери күштерінің ықпалдастығын арттыру арқылы сенім және қауіпсіздік шараларын нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөледі», - деді елші Наталья Зарудная, ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы. «ЕҚЫҰ аймағындағы соңғы оқиғалар Вена құжатының әдеттен тыс әскери қызмет пен әскери пейілдегі қауіпті жағдайларға қатысты қатысушы-мемлекеттердің қамкөңілін жою мақсатында барлық өзектілігі мен ерекше маңызын атап көрсетті».
Семинардың соңғы күнінде Астана маңындағы 36-шы десанттық-штурмдық бригадаға оқу инспекциялық сапары орын алады. Сапар Вена құжатының сәйкестілік пен тексеру мәселелері бойынша баптарына сәйкес іске асырылады. Тұжырымдардың қысқаша мазмұны семинар қатысушылары арасында талқыланады.
ЕҚЫҰ барлық қатысушы-мемлекеттерімен қабылданған Вена құжаты мемлекеттерге өздерінің әскери күштері мен әскери қызметі туралы ақпарат алмасуды жүктейді. Сонымен қатар, құжатта сәйкестілік пен тексеру туралы баптар, мысалға тексерулер мен есептеме жүргізу мен беру, сонымен қатар тәуекелді азайту, әскери байланыстар мен ықпалдастық және әскери қызметтің нақты түрлері бойынша алдын ала хабарлама беру мәселелері, қамтылған.
ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы Вена құжаты бойынша аймақтық семинарларды 2007 жылдан бастап ұйымдастырып келуде. Бұл шара ЕҚЫҰ сенім және қауіпсіздік шаралары жөнінде хабардар болуды арттыру және өңірдегі қауіпсіздікті арттыру бойынша Орталықтың ұзақ мерзімді қызметінің бір бөлшегі болып табылады.