ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды жақсартуды ықпалдасуда
АСТАНА, 21 мамыр 2014 ж. - VII Астана Экономикалық Форумы аясында жергілікті бюджетті құру және іске асыру процедураларына халықтың белсенді қатысуына бас ден қойылып, қоғамдардың жергілікті деңгейдегі өзін-өзі басқару процестеріне қатысуын арттыру мәселелері жөнінде сараптық пікірталас ұйымдастырылды.
Пікірталас ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының, Польша елшілігі мен Польшаның жергілікті демократияны дамыту қорының ұйымдастыруымен өтті. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару принциптерін реформалаудың бірінші сатысының жүзеге асырылу мәселелерін талқылау үшін іс-шараға Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, жергілікті уәкілетті органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар мен академиялардың 80 жуық өкілі, соның ішінде Астана Экономикалық форумның әлемнің түпкір-түпкірінен келген қатысушылары қатысты.
Қазақстан, Польша және Біріккен Корольдік сарапшыларына жергілікті өзін-өзі басқарудың басты тетігі саналатын бюджетті халқы жан-жаққа шоғырланған аймақтарда арттыру туралы сауалдар қойылды. Талқыға қатысқан қатысушылар шешімдерді қабылдау процессінің бүкіл ел аймақтарында кезеңбе-кезең орталықсыздандырылуының маңыздылығын атап өтті. Бұдан басқа, олар әлемнің үздік тәжрибесіне, жергілікті дәстүрлерге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына негізделген жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді үлгісін енгізу керектігін айтты.
Өткізіліп отырған бұл шара Орталықтың жергілікті билік органдарының қызметіне қолдау көрсетіп, дамыту жолында атқарып отырған жұмыстарының бір бөлшегі деуге болады.