ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы қылмыстық жолмен алынған кірістің заңдастырылуына жол бермеу және терроризмнің қаржыландырылуына қарсы қимылдар мәселелері бойынша өткен оқу семинарына қолдау көрсетті
АЛМАТЫ, 23 сәуір 2014 ж. - Бүгін Алматы қаласында ЕҚЫҰ мұрындық болуымен қылмыстық жолмен алынған кірістің заңдастырылуына жол бермеу және терроризмнің қаржыландырылуына қарсы қимылдар мәселелеріне арналған оқу семинары өз жұмысын бастады.
Үш күндік шараны ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы Қазақстанның Ұлттық банкі мен АҚШ Елшілігінің ықпалдасуымен ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық қызмет координаторы кеңсесінің және Қаржылық мониторинг комитетінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.
Шара барысында мүдделі тараптардың 80 жуық өкілі, соның ішінде негізінен Қазақстанның Ұлттық банкі мен және 38 екінші деңгейлі банктің өкілі қылмыстық жолмен алынған кірістің заңдастырылуына жол бермеу және терроризмнің қаржыландырылуына қарсы қимылдар мәселелеріне қатысты жұмыстардың анағұрлым тиімді әдістерін қарастырып, талқылады.
Іс-шараға қатысқан баяндамашылардың арасында ЕҚЫҰ Хатшылығының, Словения Ұлттық банкінің, АҚШ қаржы органдарының халықаралық жетекші сарапшылары мен Еуропа Одағының терроризммен күресу жөніндегі үйлестірушісі бар.
«Қылмыстық жолмен алынған кірістің заңдастырылуына қатысты қылмыстар ұлтаралық деңгейде жасалады. Сол себепті де кәсіпкерлік қызметпен айналысып, инвестициялауды жүргізу үшін қажетті қолайлы жағдайлар қалыптастырып, орнықты дамып, сондай-ақ құқықтық тәртіп орнату үшін қылмыстың бұл түрімен күресуде халықаралық ынтымақтастықтың алатын орны ерекше. Мұндай күрестегі жетістіктер ең алдымен, ұлттық саясаттың тиімділігіне, әр елде болатын жаңа қиыншылықтарға қарсы икемді амалдардың әдістері мен оларды қолдануды білудегі қабілеттілікке байланысты», - деді ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы Елші Наталья Зарудная.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті Төрағасының орынбасары Керімқұл Есболатов: «Жаһандану мен қаржылық қарым-қатынастар банк қызметтері мен өнімдерін неғұрлым тезірек әрі жеңілірек пайдалануға мүмкіндіктер туу үшін өмірге жаңа технологиялардың келуіне сүбелі үлесін қосуда. Алайда мұндай жетістіктердің әсерінен экономика көптеген қылмыстық әрекеттерге төтеп беруге мұршасы келе бермейді. Қаржылық сектор қылмыстық жолмен алынған кірістің заңдастырылуына қарсы іс-қимылдардың және банк секторындағы терроризмнің қаржыландырылуын жолын кесудің орнықты жүйесісіз дами алмайды» - деді.
Аталмыш шара Орталықтың тиісті басқару және демократияландыру саласындағы көпжылдық жұмысы барысында атқарылған еңбекке негізделген.