ЕҚЫҰ Орталығы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы реформасына арналған жоғары деңгейдегі талқылауды өткізуде
АҚ-БҰЛАҚ, Қазақстан, 6 наурыз 2014 ж. – бүгін Алматы маңындағы Ақ-Бұлақта ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің жүргізіліп жатқан реформасы мен қылмыстық сот төрелігін жаңғыртудың негізгі бағыттарына арналған екікүндік дөңгелек үстел өз жұмысын бастады.
Дөңгелек үстел жұмысына 40 жуық қатысушы, соның ішінде Президент Әкімшілігінің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың жоғары лауазымды өкілдері, парламент депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми қауымдастық, адвокаттар алқасының өкілдері, сонымен қатар құқық саласының жергілікті және халықаралық сарапшылары қатысты.
Күн тәртібі қазіргі уақытта Қазақстан Парламенті Мәжілісінің қарауына берілген Қылмыстық істер жүргізу кодексінің жобасы бойынша бұған дейін өткен ашық талқылаулар мен сарапшылар кеңестерінің негізінде құрылды. Негізгі талқылаулар қазіргі қылмыстық іс жүргізу заңнамасының реформасының ішінде өзекті жаңалық – сотқа дейнгі қылмыстық іс жүргізу өндірісін жеңілдету мен тимділігін артыруға арналды. Талқылау барысында қатысушылар айыпталушылардың құқықтық кепілдіктері, құқықтық қорғалу және кылмыстық сот ісін жүргізуде қорғаушылардың, заңды өкілдердің жалпы ролі туралы сөз қозғады. Сот бақылуы, сотта бірыңғай сайыстыру мен жақтардың тең кұқықтылығы қағидасын сақтау саласындағы ұсынылған заңнамалық өзгертулерге ерекше назар аударылды.
«Қылмыстық сот ісін жүргізу барысына тартылғандардың құқытық кепілдігін мен қорғалуын күшейту сенімді, әрі ашық сот төрелігін орнатудағы негізгі қағидаттардың бірі болып табылады», - деп айтты ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының басшысы, елші Наталья Зарудная. «Сондықтан қазіргі қылмыстық сот төрелігі реформасы барысындағы жаңа тұжырымдамалар мен нормаларды қалыптастыруда адам құқықтарын қорғауға бағытталған тәсілді қолдану ерекше маңызға ие болып табылады», – деді елші. Одан басқа ол келешектегі тиімді заңнама үшін басты элементтердің бірі ретінде құқық саласының кәсіби қызметкерлерінің, қорғаушы адвокаттардың, жалпы азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен қылмыстық сот төрелігі саласындағы қазіргі бастамаларды талқылауға арналған ашық пікірталас алаңының болуы туралы атап өтті.
Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми: «Қылмыстық істер жүргізу кодексінің қарастырылып жатқан жобасы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауда да, әділеттіліктің тимділігін қамтамасыз етуде де негізгі мағынаға ие болып отыр». Ол кодекс жобасындағы кейбір олқылықтарды әлі де болса дұрыстаудың және құқық қауымдастығы ортасында ашық қарастырылудың керектігі туралы атап өтті.
ҚР Президент әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің жетекшісі Алик Шпекбаев: «Заңнаманың кешенді қайта қаралуы бізге қазіргі беталыстар мен проблемаларға тиімдірек жауап қайтаруға, заң қолданудың әдістерін жаңғыртуға, заңнаманы халықаралық стандарттар мен іс-тәжірибеге сәйкес келтіруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті.
Орталық аталған іс-шараны Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен, Конституциялық Кеңеспен, сонымен қатар Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясымен (Венециялық Комиссия) бірлесіп, Германиялық халықаралық құқықтық әріптестік қорының, Нидерланды, Ұлыбритания елшіліктерінің және Халықаралық абақты реформасы ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел 2012 жылы реформалаудың басталуынан, қылмыстық пен қылмыстық істер жүргізу кодекстерінің жаңа жобаларын талқылауға арналған үкімет пен азаматтық қоғам арасында диалогты орнатудағы Орталықтың ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.